Достық шайқаста да көмек…

2019 жылдың 6 мамырында сағат 11.00-де «Балаларға соғыс туралы оқимыз» атты Х Халықаралық акция өтті.  Акция маңызы : соғыс туралы кітаптарды балаларға әрбір жерлерді бір уақытта оқу.
Железин балалар кітапханасы бұл күні Железин № 2 мектебінің 3-ші сынып оқушыларына Николай Богдановты «Достық» атты әңгімесімен қонаққа келді. Бұл әңгіме «күш беретін, шайқаста қол ұшын созатын» нағыз солдаттың достығы туралы.
Оқулар алдында балалар мәтінде кездесетін жаңа сөздердің мағынасын қалай түсінгенін түсіндіруге талпынды, әдейі бұрыс жазылған сөздерді дұрыстап, қазақ тіліне аударды .  Әрі қарай,   балалар рязанец Степан Кузнецов пен қазақ  Иргаш Джафаровтың  рейхстагты алған кезде бір-біріне қуат болған шын достығы туралы  демін ішіне тартып ұйып тыңдады. Оқылып болғаннан кейін,  кез-келген қамауды бұзатын нағыз достық туралы сөз етілді. Катя Торопчанина, Вероника Шабанова, Кирилл Лысенко, Таня Слугина, Арсен Низамов және басқа балалар да талқылауға өте белсенді қатысты. Соңында шығарманың негізгі ойына келді: түрлі ұлт адамдарының арасында достық болса, ешбір жау тимейді.
Шара соңында көгершін құрсы ретінде жасалған қағазға қатысушылар бейбітшілік тілектерін жазып, гирлянда ретінде сынып кабинетін безендірді. 

О.Зданович, ОБК-нің ОҚУ залының кітапханашасы.

FOTO