«Әлемді өлеңмен жеткізем...»

Железин балалар кітапаханасы «Әлемді өлеңмен жеткізем...» атты балалар өлеңдер жинағының тұсаукесерін өткізді. Бұл жинаққа Железин ауданы оқушыларының  өлеңдері енді. Өлеңдер жинағының бастамашылары мен құрастырушылары балалар кітапханашылары болды. 
Жинағының тұсаукесер кеші Железин №3 ЖОББМ-нің мәжіліс залында өтті. Алғашқы сөз КММ «Железин ОКЖ» директоры М.Н. Адамова сөйледі. Педагогикалық еңбек ардагері, сөз майталманы Ғ.К. Абдразакова жинаққа өз бағасын берді.  Аудан орталығының үш мектебінен және Еңбекші мектебінің оқушылары жинаққа енген өлеңдерді жатқа оқып берді. Қатысушыларға бала кезінде жазған және жинаққа енген өлеңдердің авторлары Хуанарқызы Сағынған мен Кусаинова Айнара мәнерлеп оқығандары ұнады. Енді олар есейсе де, шығарма туғызу қалауы бала кездегідей қалды.
Бұл кеш  ата-аналар атынан, Железин №1 ЖОББМ-нің мұғалімі В.В. Остапчуктың орындаған әнімен ерекшеленді.
Іс-шараның соңында жас ұрпаққа Мұхаметқали Айдана, Балғабаева Диляра және Есеналиева Аружанға сөз берілді. Алда бүкіл шығармашылық өмір күтіп тұрған жасөспірімдердің алғашқы туындылары жинаққа еніп отыр.
Бұл мерекелік кеш оқырмандар мен авторларға сыйлықтар табыстаумен аяқталды.

FOTO