Біз соғыс туралы оқимыз

Екі жыл бойы Железин балалар кітапханасы, Самара облысының балалар кітапханасымен ұйымдастырылатын, «Балаларға соғыс туралы оқимыз» атты  Халықаралық акциясына қатысып отыр. Бұл акцияның ерекшелігі – бір күні, бір уақытта, үлкендер балаларға соғыс туралы кітаптар оқиды.

Жеңіс күнінің қарсаңында, біздің кітапханамызда, соғыс туралы ең үздік көркем прозамен танысу үшін, балғын оқырмандар жиналды.  

Бірігіп оқу үшін Леонид Пантелеевтің «Главный инженер» әңгімесі таңдалды. Балалар бұл әңгімені қызыға тыңдады, бұл тақырыптың бәрімізге жақын екені сезінді. Кездесу барысында, балалар әңгіме кейіпкерлерін, олардың мінездерін, қылықтарын талқылаған болатын. Олар үшін, кейіпкерлердің қайсысы наградаға ие болғаны маңызды болды. Неліктен әңгіме «Главный инженер» деп аталатын, бұл құрметті атақ кімге берілді? 

Шара «Біз соғыс туралы оқимыз» атты кітап көрмесін шолумен аяқталды.

Железин балалар кітапханасының

аға кітапханашысы   Н. Чехова

ФОТО