2019 жылдың 12 ақпанында Железин № 1 ЖББОМ салтанат залында, кеңес әскерінің Ауғанстаннан  шығарылғанының 30-жылдығына арналған, «Майданды өлеңмен жырлаймыз» оқырмандар сайысы өтті.
Сайысқа қатысу үшін аудан орталығының үш мектептің оқушылары шақырылды. Оларға жалпы 15 оқырман қатысты. Сахнада сол сұрапыл жылдардың батырлығын суреттейтін өлеңдер естілді.  Балалардың көбі керемет шығармашылықтарын көрсетті.
Кітапхана қызметкерлері Умарова А. Е., Кабитова Г.С., ардагерлер Одағының жауапты хатшысы, педагогика еңбегінің ардагері Ряднова Л.К. және интернационалист-жауынгерлер Козкин З.Ж., Кашурный А.Г.  құрамындағы қазылар алқасы балалардың шеберліктерін жоғары бағалады.
1-ші орын № 1 ЖББОМ 9 сынып оқушысы Ашанин Алексейге берілді. Көрермендердің алдында әскери киім киген, ол 1-е «Мы форму одели, не зная вины…» өлеңін оқыды.
№ 2 ЖББОМ 10 сынып оқушысы Севостьянова Капитолинаның орындауындағы В.Куценконың «В краткой меж боями передышке» өлең жанынан шыққандай болды. Ол 2-ші орынға ие болды.
№ 3 ЖББОМ 10 сынып оқушысы Жұмағали Темірлан Ю,Карповтың «Дорога на Баграм» өлеңін оқып, 3-ші орынға ие болды.
Ең кішкентай оқырмандар Тугумбаева Аиса, Чуприкова Ева, Ляпина Ксения, Каппасова Карина көрерменді қуантты.
Сайысқа белсенді қатысқан оқырмандардың барлығына дипломдар, алғыс хаттар және «Железин ОКЖ» ММ-нің сыйлықтары берілді.
Кітапхана барлық қатысушыларға алғысын айтады. 

Н.Чехова, Железин ОБК кіитапханашысы

FOTO