Қазақ балалар жазушысы Ескен Елубаевтың 75 жылдық мерейтойы қарсаңында Железин орталық балалар кітапханасы «Бұлақ» әдеби клубы төңірегінде өткен, жалпы білім беретін №3 мектеп кітапханасында «Ақынның өлең өлкесі» атты тақырыпта әдеби танысу шарасы өтті. Шараға бастауыш топтағы 3-4 сынып оқушылары белсенді қатысты. Орталық балалар кітапханасы ақынның өмірбаяны мен шығармашылығына «Ескен ағамен танысайық!» атты тақырыпта слайд презентацияны ұсынды. Бұл презентацияда балалар ақынның отбасымен танысып оның ең алғашқы және соңғы кезде шыққан, қырықтан астам кітаптарымен танысты. Атап айтсақ «Көк жейде», Дала гүлдері», «Келешек» және ең кішкентайларға арналған «Балаларға базарлық», «Балабақша» топтамаларын қызықтап орыс тіліндегі шығармалары «Кто сильнее», «Тысяча слов» т.б. шығарма кітаптарын тамашалады. Ескен ағаның өлеңдерін оқыған әрбір бала оның туындыларынан салауатты өмір сүріп әр нәрсеге төзімді болуға үйренеді. Ақынның «Бақытжанның амалы», «Біздің кеңесіміз», «Бала болдым деме сен» өлеңдерімен «Бұлақ» клубының мүшелері: Кадырова Бибісары, Ұят Асель, Шайков Жанболат. өлеңдерін мәнерлеп айтты. Автордың ең кішкентайларға арналған өлеңдерін 4 сынып оқушылары Жанботанов Сұлтанбет., Қыдырбай Альмира, Абильтаева Сабина, Мырзақұл Байкен, Амантаев Әльмухан, Аңсабаев Арланбек белсенділік танытып орындады. Ескен Елубаевтың шығармаларының өзі педагогтың биік талғамын танытады. Оның шығармалары балаларды жақсы тәрбиеге, үлгі өнеге алуға үйретеді. Сондықтан оны кішкентай оқырмандар Ескен аға - мейірбанды ұстаз деп атаған. Ақынның әзіл-сықақ өлеңдерінен «Не?», «Табыңдар» т.б. шығармаларын 3 сынып оқушылары да белсенді қатысып, өлеңдегі рольдерде ойнап тамаша таныта білді. Қорытынды бөлімде балалар ақынның өміржолы туралы берілген сұрақтарға жауап беріп, жұмбақ өлеңдеріне, «Санамақ жұмбақ» ойынына қатысып белсенділік танытты. Кітапханашылар күшімен «Балаларға базарлық» атты тақырыптық кітап көрмесі безендірілді. Ақынның 15 тен астам кітаптары және «Ұлан», «Балдырған» журналдары қойылды. Жалпы білім беретін №3 мектеп ұстаздары бізбен бірге әрқашан байланыста, балаларға кітапқа деген қызығушылық туғызып, сүйіспеншіліктерін арттырады. Ұстаздарға, жалпы мектеп ұжымына өтетін шараларға қатысып бізбен бірге балаларға рухани тәрбие беруіне үлес қосқандары үшін біздің кітапхана алғыс айтады. Соңында балалар барлығы ескерткішке суретке түсті.

 

ОБК кітапханашысы : Ашкенова Г.А.