Күлімде, наурыз, күлімде!

Кезекті рет кітапханамызда оқушылар жиналды. Бұл жолы Наурыз мейрамын тойлау үшін жиналдық. Бұл мейрам әр жерде әртүрлі тойланады. Біз дәстүрлерді қоя тұрып, оқу залын уақытша әдеби-шығармашылық шеберханаға айналдырдық. Осында балалар, қазақтардың көне және қызықты өнері - оюмен айналысатын, ауылымыздың шебері М.А.Кусаиновамен танысты. Ол балалармен шеберлігінің құпияларымен бөлісті, оюларды бір бірінен ажыратуды үйретті, себебі олар өте көп. Ол көрермендер назарына өзінің «ою» техникасында жасалған жұмыстарын ұсында.   
Қорытындысында, алынған білімді нығайту үшін, шебер балалармен мастер-класс өткізді. Алынған білім мен икемдерін балалар істе қолданды: олар қазақтардың бас киімі – тақияны, түрлі-түсті қағаздан жасалған оюмен әшекейледі. Барлығы керемет өтті.  
Бұл кездесуді Ашкенова Г.А. ұйымдастырып, өзі өткізді. Кездесу барысында «Тымақ киген бала кім?» әңгімесін тыңдады, ойын викторинаға қатысты. Викторина сұрақтарының жауаптарын көрмеде ұсынылған кітаптардан табуға болатын.  
Шара соңында кітапханашы балаларға көбірек кітап оқуға кеңес берді.Олардың ішінен жоғарыда айтылған тақырып бойынша ақпарат алуға болады. 

Ашкенова Г.А., Железин балалар
кітапханасының кітапханашысы.

FOTO