Қатігез болмаңыздар!

 Жыл сайын, біз, кітапхана қызметкерлері, балаларды шараларға шақырып, оқылған шығармаларды талқылаймыз, кейіпкерлер туралы сұхбат құрамыз кітап кейіпкерлерінің мысалында балаларды мейірімді, қамқоршы болуды үйретеміз.

Осы жыл да ерекше болған жоқ. Кітапханада «Қатігез болмаңыздар!» оқырман конференциясы өтті. Қатігездік тақырыбын талқылау үшін, кеңес одағының белгілі қаламгері Владимир Железниковтың «Чучело» повесі таңдалды.

Повесті талқылау барысында балалар келесі сұрақтарға жауап беруге тырысты: жасөспірімдер құрдастарына неліктен қатігездік танытады? Оларды қатігез әрекет жасауға не итереді? Шара барысында түрлі пікірлер айтылды, кейбіреулері айналадағы ортаны кінәләйтін, кейбіреулері, жасөспірімдер «заңын» кінәләйтін. Ақыры, бәрі, кез келген жағдайда, адам болып қалу керек, басқа адамның абыройын түсірмеу керек деген пікірмен келісті. Әр қайсысымыз мейірімділікке, қамқорлыққа, көмекке лайықпыз. Повестің басты ойы осы болатын, біз бұл ойды тыңдармандарға жеткізе алдық.

Кітапхана кездесудің белсенді қатысушылары Коломникова Алинаға, Купеева Айманға, Аллаярова Рузалияға, Пузач Алёнаға, Севостьянова Капитолинаға, Мироненко Константинаға, Умарова Каринаға алғыс білдіреді.

Біз конференцияны өткізуге көмектескен үлкендерге де алғысымызды айтамыз: № 2 ЖББОМ кітапханашысы Дегтярёва Т.С., орыс тілі және әдебиет пәнінің мұғалімдері Иманбаева А.Н., Самойленко Е.Д., № 1 ЖББОМ психологы Жукашева С.М.

Бұндай шараларды біз, болашақта өткізуді жоспарлаймыз, өйткені кезінде оқылған жақсы кітап, біздің ойымызды оятып, қобалжытады.

Балалар кітапханасының аға кітапханашысы            Н.Чехова

ФОТО