Железин орталық балалар кітапханасы тамыз айында ЖББМ № 3 мектебінің жазғы демалыс лагерінің кіші топ оқырмандарымен бірге «Нұрын шашқан кітабым» атты тақырыпта мерекелік әдеби ойын, және кітап көрмесін ұйымдастырып өткізді. Мерекелік шара аудандық кітапхананың оқу залында өтті. Шара мақсаты шет ел шығармаларының кейіпкерлерін, шығармаларын біліп тануға және жазушылардың кітаптарына деген қызығушылық туғызу. Шет ел әдебиеттерінің тарихын білуге баулу. Жас жеткіншектерді ертегі кейіпкерлері сияқты мейірімділікке тәрбиелеп, қазақ тіліне аударылып жазылған әдеби көркем шығармаларды тарату. Кіріспе бөлімде балалар мерейгер әдебиеттермен танысты. Орыстың көрнекті балалар жазушысы А. Н. Толстойдың «Алтын кілт немесе Буратина»-80 жыл, Д.Родаридің «Чипполиномен болған оқиғалар»- 65 жыл, және Л. Кэроллдің, Д.Свивтің, Н.Носовтың Э, Успенскийдің мерейгер кітаптарының қысқаша тарихы әңгімеленіп, кішкентай оқырмандар сүйсіне тыңдап, танымдарын арттырды. Негізгі бөлімде балалар барлығы кітаптардың туған күні мерекесіне арнап кітап туралы өлең тақпақтар айтты. Жүргізуші оларға кітап ережесін таныстырып, «Кім жылдам!» ойынын ұйымдастырды. Балалар белсенділік танытып барлық сұрақтарға дұрыс жауап берді. «Өлең жұмбақ» ойынына қатысып жұмбақ жауаптарын кітап көрмесінен іздеп тауып көрсеткендер: Иманбалинова А, Баймұрат М, т.б. Шарада қойылған сұрақтар ертегі мазмұны бойынша: А. Толстойдың Буратиносы қалай өмірге келді.?, Папа Карло деп кімді атады?, т.б. Мақал мәтелдер жарысына белсенділік танытқандар: Қабиболла Д, Ибраева Ж, Айтмуратова Г., т.б. Қорытынды бөлімде кітапханашы балаларға алғыс білдіріп кітап бөлгішін ескерткішке сыйлады. Балалар А.Милннің «Винни -Пух және басқалар» повесть әңгімесінің 90 жылдығына арналған «Винни Пух қонаққа барады» атты тақырыпта мульфильм презентациясын тамашалады. Шара соңында барлығы ескерткішке фотоға түсті.

Железин балалар кітапханашысы Ашкенова Г.А.