Күн тәртібінде – теңге.

Тәуелсіздік Күнінің қарсаңында Железин балалар кітапханасында «Жасөспірім және заң» құқық студиясының отырысы өтті. Отырыс тақырыбы – «Күн тәртібінде - теңге».
Шараға «Қазақстан Халық банкі» АҚ Железин басқармасының бастығы   А.К.Ашимжанова қатысты. Кездесу барысында көптеген пайдалы ақпарат алды. Ресми бөлімнен кейін диалог құрылды. Диалог барысында Асем Куатпекқызы қатысушылар сұрақтарына жауап берді:
- Менің жасым 15-те, мен банкте карталық шот аша алам ба?     
- Неліктен дүкенде меннен ескірген купюраны қабылдамады?
- Банк картасы жоғалған жағдайда не істеу керек?
- Дәл қазір қолымда теңге жоқ болса, мен шет елдің валютасымен төлем жасай алам ба?
- Егер тиын екіге бөлініп қалса, мен оны айырбастап ала алам ба?
Қатысшыларды қонағымыз арнайы алып келген аспабы аса қызықтырды. Оның көмегімен банк қызметкерлері купюраның шынайлығын дәлелдейді.
Балалар дыбысталған тақырыпқа қызығушылық танытты. Кездесудің басты нәтижесі – балалар өздерінің құқықтары мен міндеттері туралы білімдері артылды.

Н.Чехова,
Железин балалар кітапханасының кітапханашысы

FOTO