Көктемнің сәні неде?

Әдеби - шаңырақ

          Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына арналған Железин орталық балалар кітапханасының оқу залында «Көктем сәні неде?» әдеби шаңырағы өтті. Шараның өту мақсатында қазақ халқының салт - дәстүрін, әдет-ғұрпын өсіп келе жатқан ұрпақ санасына сіңіріп, ұлттық қасиеттерін баулу. Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесін қарсы алу арқылы балаларды Отан сүйгіштікке, табиғатты аялауға, еңбектің қадір- қасиетін сақтау, үлкенді сыйлау жаман әдеттен аулақ болу т.б. ізгі қасиеттерді бойларына сіңіру. Наурыз мерекесінде балалар құшақ жайып бір-бірімен амандасу рәсімімен ашты. Жүргізуші балаларға Наурыз тарихымен таныстырып, көктем сәні неде екенін айтты.  Балалар көктем сәні гүлдер екенін біліп, әңгіме көктем гүлі бәйшешек туралы жалғасты. Кітапханашы «Балдырған» журналынан жеткіншектерге арналған «Айтотықыз бен Ақтоты бәйшешек» туралы наурыз ертегісін ұсынды. Ертегіні балалар кезекпен дауыстап оқып талқылады. Әңгіме сұрақтары:

- Бәйшешектерге ақпан қары не айтты?

- Егер бәйшешек оянса жылдың қандай мезгілі болады?

- Бәйшешектер не үшін күресті?

- Ақтотықыз бәйшешектерді қайда алып барды? т.с.с. Әңгіме сұрақтарына балалар барлығы белсенді қатысып берілген сұрақтарға жауап берді.

         Наурыз мерекесіне «Сәлем наурыз!» атты кітап көрме безендірілді. Көрмеге кіші топтарға арналған «Сен білесің бе?» атты топтамасынан кітапшалар, және көктем алғашқы гүлі мен көк құсы суреттері қойылды. Көрмедегі кітаптар бойынша әдеби-шаңырағына арнайы сұрақтар дайындалып ойын барабанына салынды.

Әдеби шаңырақ ойын сұрақтары:

-Қазақтың ұлттық тағамдарын атап шық.

- Ұлыс күні мерекесіне арналып, Жеті түрлі тағамнан жасалатын ұлттық көже қалай аталады?

- Жарық түсіру және шығару үшін жасаған киіз үйдің төбесіндегі күлдіреуіш шеңбер ағашты қалай атайды?

- Аңыз бойынша қазақ даласында, жырау ақын ең алғаш ағаштан ойып қобызды жасап қазақ даласын өзінің жырымен жаңғыртқан кім? тағы көптеген сұрақтар берілді.

         Әдеби шаңырағына белсенді жауап берген балалар: Амангельді А., Муратова Г., Шайкова Д., Қанапия М. 2 б сынып оқушылары және т.б. 4 б сыныптан Арынгазинов М., Аңсабаев А., Қыдырбай Ә., Амангельді К., және басқалары да ойынға қатысты. Сұрақтарға дұрыс жауап бергендер шаңырақ ішінен тәтті сыйлықтар алды. Шара өту барысында балалар қазақ балалар жазушыларының мерекелік күнге өздері жаттаған өлең шумақтарын айтып, және жасап әкелген көктем гүлдерін кітапханаға сыйға тартты. Оның ішінде өлең тақпақ айтып, жұмбақ ойындарына белсенділік танытқандар: Мұхамет А., Қыдырбай Ә., Аңсабаев А. т.б.

 Қорытындысында кітапханашы балаларға ата – бабамыздың қасиетті сөздерін айтып былай деді: «Өсімдік адам баласы үшін, ішсе тамақ, кисе киім, жақса отын, малына өріс, еліне қоныс болған. Сондықтан «Бір тал кессең, он тал ек», «Атаңнан мал қалғанша тал қалсын», Көкті жұлма көктей соларсың» деген даналық сөздермен танысты. Дүниенің ең көріктісі гүл екенін айтты. Гүл көктемнің көріктісі екенін балалар наурыз ертегісінен, біліп жақсы шуақты әсер алды. Соңында барлығы суретке түсіп қуанышқа бөленді.

ОБК кітапханашысы : Ашкенова Г.А.

ФОТО