Балалық елінің ақындары

Жазғы демалыста Железин балалар кітапханасында «Балалық елінің ақындары» атты  поэтикалық ассорти ретінде іс-шара өтілді. Оның негізінде Ысқаков, М.Жаманбалинов, О.Аубакиров және А.Искабаев секілді ақын-жазушылардың өімірі мен шығармашылығымен танысу жатыр. Іс-шара қонақтары болып «Балдырған» жазғы сауықтыру лагерінің тәрбиеленушілері келді (№ 3 ЖОББМ).
Мерейгер ақын-жазушылардың өмірімен танысып, балалар ойын бағдарламасына қатысты. Сайыс барысында  викторинаның сұрақтарына жауап іздеп, жұмбақтар шешіп және т.б. көптеген қызықты тапсырмалар орындады.  Кездесуіміз ақын-жазушылардың шығармашылығы бойынша  «әдеби  айтыспен» аяқталды. Өз тапсырмаларын  Тлеугабыл Ж, Тлеугабыл Д, Муратай И, Серик А.секілді оқырмандар керемет орындап берді.
Поэзиямен кездесу ізсіз өтпес,  әр шығарма мейірімділік, махаббат, кішіпейілділік сияқты сезімдер жайында еске салады.

ОБК кітапханашысы: Ашкенова Г.А.

FOTO