Мерекелік сыйлық

8 наурыз Халықаралық әйелдер күнінің қарсаңында, кіші топ балаларымен, жазушы Бағдат Мажитовтың «Менімен парталас қыз» атты әңгімесі бойынша, «Мерекелік сыйлық» әдеби шығармашылық сабақ өтті. Шара Железин орталық балалар кітапханасының оқу залында өтті. ЖББМ № 3  мектебінің 4 сынып оқушылары қатысты.   Әдеби сабақтың  мақсаты балаларды мейірімділікке,  сүйіспеншілікке, үлкенге ізет кішіге үлгі болуға үйрету. Оқушы бойында инабаттылық, қайырымдылық қаситтерді қалыптастыруға тәрбиелеу. Балалардың бір-біріне деген  ілтипатты көзқарастарын қалыптастыру.
Шара барысында «Мейірімділік асыл қасиет» атты тақырыпта кітап көрме безендірілді.   Жүргізуші балаларды көктем мерекесі 8 наурыз мерекесімен құттықтады. Негізгі бөлімде Б.Мәжитовтың «Менімен парталас қыз»  әңгімесі оқылып талқыланды.
Балалар әңгіменің бөлімдерін атады.
- Ұлдар жиналысы
- Шығарма
- Мейірімді Айша
Әңгіме сұрақтары:
-  Әңгімеде қандай себеппен жиналыс ашылды?
-  Жиналыста қандай ұсыныстар қолданды?
-  Балалар қандай шешім қабылдады?
-  Айша қыз туралы қандай көзқарастарың?  т.б. сұрақтарға жауап беріп белсенділік танытқандар: Баукенова А. Иманбалинова А., Аканов А. т.б.
Балалар мерекелік тілектерін айтты. Қорытындысында балалар   аналарға арнап мерекелік сыйлық жасады. Мерекелік сыйлыққа түрлі түсті қағаздан қызғалдақ гүлдері жасалды.
Әңгіме сабақтың қорытындысында балалардың кітапқа деген қызығушылықтары туып, бір-біріне деген көзқарастары жақсарып мерейлері артты. Кітапханашы әлі де талай тәрбиелік мәні бар кездесулер болатынын айтып, балалардың рухани дүниетанымдарын кеңейтті.  Шарадан соң балалар  әдеби кітаптармен танысты.                                                            

ОБК кітапханашысы : Ашкенова Г.А.

FOTO