«Президент және кітаптар»

 сұхбат - диалог

 Кітап оқымай тұрып, табысты адам болып, үлкен жетістіктерге жетуге бола ма? Әрине, жоқ!

Табысты адамдардың бірі - еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев. Балалық шағынан кітаптарды сүйсіне оқитын. Ол және оның құрдастары қызық оқиғалы тақырыпты кітаптарды қызығып оқитын. 

Жастық шағында оқыған Николай Островскийдің «Құрыш қалай шынықты» кітабы болашақ Президенттің жүрегін жаулады. Оны басынан аяғына дейін оқып шығып, Нұрсұлтан басты кейіпкер – революционер Павка Корчагиннің төзімділігіне, рух күшіне таң қалатын. 

Бұл кітап бүгін де Нұрсұлтан Әбішұлының күнделікті пайдаланатын кітабы болып отыр, ал оның ішіндегі цитаталар – әрекет ұраны...

Осы және басқа туралы, біз, «Президент және кітаптар» тақырыбына арналған кездесуде әңгімелесуді шештік.

Біз, ұйымдастырушылар үшін, оқырмандық дағдыларды балалық шақтан қалыптастырудың маңыздылығын белгілеу маңызды болды.

Нұрсұлтан Әбішұлы президент болғалы 25 жыл өтіп кетті. Қолы бос болмаса да, ол кісі кітап және газет оқуға уақытты әр қашан да табады. Аптаның жексенбі күнінде, ол жұмыс істемеуге тырысады, оқиды.

Ақордада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент кітапханасы ашылғанын кез келген адам біле бермейді. Кітапхананың басты ерекшелігі – бұл жалғыз Президенттік кітапхана. Бұл кітапхана бойынша бейне экскурсия қатысушылардың көңілінен шықты. 

Шара, Президенттің жастарға деген бейне жолдауымен аяқталды:: «Адамды қалыптастыратын екі нәрсе бар – ол сен не оқисың, және кіммен араласасың. Мен сендердің өмір жолында не оқитыңдарыңды білмеймін, бірақ рссейлік жазушылардан Толстойды оқуға кеңес берер едім, міндетті түрде «Война и мир» емес, оның өмір сүруді үйрететін көптеген кітабы бар».  Ал қазақ классикаға қарасақ, Нұрсұлтан Әбішұлы "Абай жолын" туған тілде, ал Шекспирді ағылшын тілде оқығанды жөн санайды.

Кездесу ресми емес түрде өтті, ә радам өз пікірін айта алды, оқылған кітап туралы пікірлерімен бөлісті.

Н.Чехова, О.Зданович,

Орталық балалар кітапханасының кітапханашылары.

 

Все фото