«Ертегі сағатына шақырамыз!»

  ойын - шашу

                 Балалар кітапханасының оқу залында «ЭКСПО  land» жазғы сауыќтыру лагеріндегі  балаларға арналған әдеби «Бұлақ» клубы төңірегінде өткен «Ертегі сағатына шақырамыз!» атты тақырыпта ойын-шашуы өтті.

Кіріспе бөлімде: Кітапханашы балаларды кітапханаға қызықтыру үшін «Әліпби» ойынымен ашты. Бұл ойында балалар таңдалған әріп бойынша ертегі кейіпкерінің аттарын атап ойын қыза түсті. Балаларды қазақ ертегілер халық ауыз әдебиетіне қызығушылық туғызу, жаманнан жиреніп жақсыны үйреніп, оны өмірде пайдалана білуге ұмтылдыру. Оқушы бойына ерлік, батылдық, адамгершілік, адалдық қасиеттерді дәріптеу біздің мақсатымыз деді кітапханашы Ашкенова Г.А. Негізгі бөлімде: Балалар «Ойшыл сарай ертегісі» атты тақырыпта сұрақ жауаптарға жауап беріп белсенділік танытты. Балалар екі топқа бөлініп берілген сұрақтарға жауап берді. Сұрақтар:

- "Бала мен қарлығаш ертегісінде қарлығаш құс, балаға не әкеп береді? (Бір түйір дән әкеп береді)

- Дәу қай ертегінің кейіпкері? (Қаңбақ шал)

- Қазақ халық ертегісінде әке шешесі азан шақырып қойған ең ақылды баланың аты ұмытылып оны халық қалай атаған? (Тазша бала) т.б. сұрақтар қойылды.         Ертегілер ойынына ертегі кейіпкері «Дымбілмес» ролінде ойнаған «Бұлақ» клубы мүшенсінің 6 сынып оқушысы Балғабаева Диляра ортаға шығып балалардың көңілін көтерді. Оның балаларға әкелген сәлемдемесі «Арқаға жазу» ойыны. Қолдың қимыл әрекетімен жазылған сөзді табу. Балалар ортаға шығып ойынға қатысып жазылған кейіпкер атын, не салынған суретті тауып тамашалады. Ойын кезекпен жалғаса берді.

Келесі ойын «Бұл кім?» деп аталды. Бұл сайыста Оқушылар топқа бөлініп ертегі кейіпкерлер суреттерін құрастырып дұрыс жауабын айтты. Мысалы, ертегі кеіпкерінің атын атап, авторын, және қандай ертегіден екенін дұрыс жауабын айтты. Тез жинап, дұрыс жауабын айтқан команда жеңіске жетті. Командалар 1-ші және 2- ші топқа бөлінді. Екі топта белсенділік танытып Достық жеңді. Шараның соңында балалар «Менің сүйікті кейіпкерім!» ойынына қатысты. Бұл ойында балалар сүйікті кейіпкерлерін, өздерінің көздерін орамалмен байлап, тақтаға шығып сурет салды. Салған суреттеріне өздері күліп мәз болды. Қорытындысында мыстан кемпірдің берілген тапсырмасын орындап оны да жеңіп шықты. Ертегі сағатына арнайы балаларға «Ертегі сыр шертеді» атты кітап көрмесі безендіріліп ұйымдастырылды. Кітапханашы көрме алдында балаларды қызықты ертегілер кітаптарымен таныстырып, оларға қызығушылық туғызды. Соңында барлығы ескерткішке суретке түсті. Қатысқандар саны: Барлығы - 24 адам. Жазылғандар саны – 6 оқушы. Кітап беру - 36

ОБК кітапханашысы : Ашкенова Г.А.

Фото