Кел, балалар, ойнайық!

Ұлттық ойындар күні.

Железин балалар кітапханасы 11 сәуір күні бастауыш топ оқырмандар арасында Наурыз айлығына арналған «Кел, балалар, ойнайық!» атты тақырыпта   ұлттық ойындар күнін өткізді. Шараға «Күлімде, наурыз, күлімде!» атты тақырыпта кітап көрмесі безендірілді. Оқушылар Қазақтың ұлттық ойындары: «Қыз қуу», «Алтыбақан», «Арқан тартпақ», «Қазақша күрес», «Аударыспақ» т.б. ойындар тарихымен танысты. Ойындар тарихымен балаларды ОБК қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы  таныстырды. Балалар «Теңге алу», «Орамал тастамақ», «Сақина салу»  ойындарын ойнап қызықтады. Бұл ойындарға барлық балалар белсенді қатысып өз өнерлерін танытта білді. Шара барысында қыз балалар топ командасымен «Наурыз көже» ойынын ойнады. Ал ер балалар «Көкпар» ойынын ойнап тамашалады. Бұл ойын шартында: балалар жерге шашылған тиындарды жылдам жинап алу керек, ал кім жылдам тиындарды жинап алса сол жеңіске жетеді. Ойынды балалар белсенділікпен жақсы танытты. Ойынды қызыға ойнаған балалар тағы да жүргізушіге ойынды жалғастыруды сұрады. Олар шаршамай бір отырып жақсы дем алғандай болды. Соңында «Санамақ», « Батыр» атты ойындар да ойналды.
Бұл шараға балалар арнайы дайындаған «Наурыз», «Қазақстан» атты әндерді орындады. Әнді орындағандар: 5 сынып оқушысы Аңсабаев Арланбек және Раскельді Батырхан. Оқушылардың арасында «Қамажай» атты би өнерін тамаша орындаған Нұрмашева Асель. Ал Мырзақұл Бәйкен мақал-мәтелдерді тамаша сусындап айтты. Ойындарды жүргізіп белсенділік танытқандар: Абильтаева С, Амангельді К, Қыдырбай А. Мұхамет А. және т.б.
Шараның соңында балалар шаңырақ ішінен викторина сұрақтарына белсенді қатысып жауап берді.
- Емдік қасиеті бар ұлттық сусынды қалай атаймыз?
- Білекке салатын күмістен, алтыннан істелетін сәнді затты ата?
- Жеті қазынаға нелер жатады? т.б. сұрақтарға барлық бала белсенділік танытып дұрыс жауаптарын атап мәз болды.
Шара қорытындысында балалар ұлттық ойындар арқылы ойлау, есте сақтау, көру қабілеттері дамыды. Қазақтың ұлттық ойындарын жүргізу арқылы оқушылардың туған елге, жеріне деген сүйіспеншіліктері артты. Балаларды ептілікке, жылдамдыққа әдептілеп тәрбиелеу, біз үшін бұл өткен шара іс жүзінде жүзеге  асып оң бағасын берді деп айтуға болады. Балалар өз тілектерін білдіріп Наурыз айлық мерекесіне арнайы бата берген Аңсабаев А. Ойынға кітап көрмесінен Б.Төтенаевтың «Қазақтың ұлттық ойындары», «Ат жарыстары», «Кел, балалар, ойнайық!» атты кітаптар пайдаланылды. Соңында барлығы суретке түсті.

ОБК кітапханашысы : Ашкенова Г.А.