Құстар мен дос болайық

         1 сәуір күні Жалпы білім беретін №3 қазақ орта мектеп кітапханасының оқу залында  Железин аудандық балалар кітапханасы дайындап жүргізген, «Құстар күні» және «Әдепті болып өсеміз» бағдарламасы  төңірегінде   «Құстармен дос болайық» атты тақырыпта   құлықтылық тәрбие сабағы өтті. Сабаққа «Құстар – біздің досымыз» атты кітап көрмесі безендірілді.  Бұл сабақта балалар  құстар әлемімен танысты. Орталық балалар кітапханасының кітапханашысы балаларды     «Құстар біздің досымыз» атты кітап көрмесімен таныстырды.  Көрмедегі балалар жазушыларының кітаптарымен  таныстырып әдеби шолу өткізді. Әдеби шолуда кітапханашы құстар тарихы туралы айтты. Тарихи әңгіме  туралы және энциклопедиялық құралдар бойынша  танымды сұрақтарға балалар зеректі жауап берді. Таным сұрақтары:

- Адам қай құсты аң аулауға пайдаланады?
-  Қандай құс хат тасушы атанған?
-  Қай құста мүлде ұя болмайды?
- Қазақстанда құстардың неше түрі бар?

Қазақ балалар әдебиетінің   және табиғаттағы тамашаларға зерек жазушысы Тұрдақын Жексенбай ағаның «Бал бұлақ» атты топтамасынан «Қос қарлығаш» атты әңгімесін балалар кезекпен дауыстап оқып тамашалады. Әңгіме оқиғасындағы тәрбиелік мәні бар сұрақтарға балалар белсенді қатысып жауап берді. Әңгіме сұрақтары:

-Үй іргесінде қандай құс ұя салды?

- Қарлығаштар  шықылдап Мейірман баланы неге шақырды?

-  Мейірман құстарға қандай көмек көрсетті және оларды неден қорғады? тағы сол сияқты көптеген әңгіме сұрақтарын талқылап балалар арасында әңгіме диалог пайда болды. Әңгіме қорытындысында жүргізуші балаларды  құстарға қамкор жасауға шақырды. Құстар біздің қанатты достар екенін айтып олар егін мен бау-бақшаның сенімді серігі екенін түсіндірді. Балалар жалпы табиғат тіршілігімен дос болып ондағы аң құстарды қорғай білуге көп мәлімет алды. Бұл құлықтылық сабақта  балалармен сергіту ойындары жүргізілді. Оқушылар құстарға арналған жұмбақ  және «Ұшты-ұшты» ойындарына қатысты. Және арнайы «Құстар күніне»  балалардың өздері дайындап әкелген «Көкек», «Көгершін», «Торғай», «Қарлығаш» атты тақырыптарда өлең шумақтарын мәнерлі оқып айтқандар: Ибраева Ж., Амангельді А, Шайкова Д. т.б. белсенділік танытты.  Барлық оқушылар әңгіме сұрақтарына белсенді жауап беріп  жақсы әсер алды. Шара өте тартымды өтті.

        Балалардың құстарға деген  сүйіспеншілігі артып, табиғат тіршілігін аялауға сезімдері пайда болып қуанышқа бөленді. Кітапханашы балаларға кітапхана есігі әрдайым ашық деп оларға кітапқа деген қызығушылық туғызды. Осындай  тәрбиелік мәні бар сабақтарда кездесіп қуанышқа бөлене берейік.   Шарадан соң балалар көптеген құстар туралы әңгіме кітаптарын оқуға алды.

ОБК қызметкері: Ашкенова Г.А.

ФОТО