«Мейірім шуағы сөнбесін»
Әдеби  сабақ

2020 жылдың 26 қаңтар күні Железин қазақ мектебінің бастауыш сынып оқушыларымен «Мейірімділік және құлықтылық тәрбиесі» жобасы төңірегінде Д.Джумагельдинованың «Еркетай» есімді Еркеғали» атты әңгімелер жинағындағы «Кік лағының мұңы» атты әңгімесі бойынша әдеби сабақ өткізілді.
Бұл әңгімеде  адамның кесірінен анасыз қалған киіктің кішкентай лағы туралы және жануардың өмірі жайынды өте қызықты, түсінікті тілмен балаларға жазылған. Анасымен жүрген бақытты кездерін еске алып, кішкентай лақ адамдардың жауыздығы туралы сөз ткені балаларға әсер етті.  Автордың  әңгімесінде   болашақ ұрпақты дұрыс тәрбиелеуде үлкен мән бар, себебі табиғат пен жан-жануарлар әлемі үйлесімді – осы ойды балаларға түсіндіру үшін кітапханашы сұрақтар қойды Оқу соңында балалар  әңгіме туралы өз  ойларын айтты.  Кітапханашы  балаларға  табиғатты аялап, ондағы жан – жануарлаға, жалпы табиғи дүниеге көмек көрсетіп, олқы қылықтан, жауыздықтан  аулақ жүру керек екенін ескертті. Табиғаттың бір-бірімен тығыз байланыста жатқанын әңгіме етті.   Әдеби сабақтың жүру барысында  оқушылар қойылған  сұрақтарға жауап бере алды:
- Киіктің лағы қандай мезгілде өмірге келді?
- Неліктен киіктің лағын «Құралай» деп аталады?
- Киіктің лағы неге жалғыз қалды?
Шара соңында кітапханашы балаларға арналған  «Мейірім шуағы өшпесін» атты тақырыпта кітап көрмесіндегі кітаптармен танысып  өтті.

Кітапханашы :   Ашкенова Г.А.

FOTO