Денсаулық әлеміне саяхат 

Жаздың шуақты күндерінің бірі Железин балалар кітапханасы  «Покорители космоса» (№ 2 ЖОББМ) атты жазғы сауықтыру лагерінің тәрбиеленушілерін қонаққа шақырды.
Алдымен «саяхатшылар» рюкзактарына керек құрал-жабдығын жинап, «жолға шықты». Бірінші кідіріс  –  Гигиена Бульвары. Жөтел ата балаларға салауатты өмір туралы әңгіме айтты. Спорт Даңғылында ертегі эстафетасы өтті. Кейін,   «Жасыл дәрігер» Паркіне аттандық. Онда, гүлдер алаңы балаларды   емдік шөптер жайында жұмбақтар мен мақал-мәлелдер жасырып  күтті. «Дұрыс тамақтану» атты кафеде маршрут аяқталып, «пайдалы – зиянды» ойынында тағам жайында ойын ойналды. Содан соң, ұмытылған «Ыстық картоп» ойынын балалар үйреніп, өте қызықты ойнады.
Саяхатымыз соңына жетті. Денсаулық - үлкен бақыт, сыйлық екенін түсініп, пайдалы тағамды зиянды тағамнан ажырата білуге балаларды шақырдық. Балалар көтеріңкі көңіл-күймен қайтты.

О.Зданович, ОБК оқу залының кітапханашысы

FOTO