Саяхат және шеберлердің сиқырлы қаласы

«Саяхат жяне шеберлердің сиқырлы қаласы» шарасы 11 сәуірде балалар кітапханасында өтті. Бұл Наурыз мейрамын тойлау аясында өткізілген, үшінші шара еді.
Бұл жолы бізге қонаққа № 1 мектептің төртінші сынып оқушылары келді. Біз оларға қазақ халқының дәстүрлерін еске түсіру үшін, уақытша саяхатышыларға айналуды ұсындық. Бірақ жолда балаларды Жалмауыз Кемпірдің жасаған кедергілері күтіп тұрды. Жалмауыз Кемпірдің көңілін аулау үшін, балалар бір қатар тапсырмаларды орындау керек болатын: көрпелер тігіп, олармен үйді безендіру, «наурыз-көже» ұлттық тағамын «пісіру»,  жұмбақтарды шешу және қобдидан сиқырлы жұмыртқаларды алып, олардың тапсырмаларын орындау.
Балалар осы тапсырмалардың бәрін дұрыс орындап, кемпірдің көңілін көтерді. Содан соң олар ойын-сауық еліне жөнелді. Бұнда олар, Наурызға арналған өлеңдері мен әндерін орындады. 
Бізге бұл саяхатты өткізуге 2004 жылы «Шикула и К» баспасында, «Нұрсәуле – Лучик» сериясы бойынша шығарылған «Волшебный город мастеров» кітабы көмектесті.

Н.Чехова, Железин ОБК аға кітапханашысы

FOTO