Түрлі-түсті Қазақстан
Экологиялық ойын

Балалардың назарын экологиялық тақырыпты кітаптарды оқуға қалай тартуға болады? Нұсқалар – көп, дегенмен, біз, кезекті рет ойын формаларын таңдадық. Және де, өз таңдауымызды дұрыс жасадық деп ойлаймыз.
ҚР Тәуеліздік Күнінің қарсаңында, жоғарғы сынып оқушылары кітапханамыздың оқу залында жиналып, туған еліміз – Қазақстан туралы әңгіме құрды. Себебі, біздің ел - сондай әр алуан: жері мен көгі, орманы мен шалғыны, бәрі сондай керемет. Теңіздері, өзеңдері, көлдері өлкемізді көгілдір түске, ал шөлдері мен шөлейттері – сары түске бояйды. Биік таулы жерде, Отанымыз – қоңыр. Республикамыз тағы қандай түсті? Осыны «Түрлі-түсті Қазақстан» экологялық ойыны анықтауға көмектесті. Бұл ойын топтық ойын түрінде өтті, аудан орталығының екі мектептің 8-9 сынып оқушылары сайысты. Ойын бес айналымнан құрылды, бұл айналымдар арқылы еліміздің әсемдігі мен байлығын және де оның проблемаларын ашып көрсетті. Олардың арасында «Жасыл Қазақстан» (еліміздің орман байлығы), «сары Қазақстан» (шөлдер мен шөлейттері), «Көгілдір Қазақстан» (еліміздің су ресурстары). Бірақ, «Қара» айналымның сұрақтары ең қиын болып шықты. Бұнда Семей ядролық полигонның проблемалары қозғалды.
Бірақ, ештеңеге қарамастан, балалар, жүргізушінің сұрақтарына жауап беріп, жақсы білімдерін көрсете алды. «Көк тудың астындағы ел» көрмесінде орналасқан кітаптар, балаларға көмек көрсетті.
№ 1 ЖББОМ тобы ойынның жеңімпазы атанды. Олар ең көп ұпай жинады. Оларға Жеңімпаз мадақтамасы берілді.

Железин ОБК аға
кітапханашысы:
Н.Чехова

ФОТО