«Бір ел- бір кітап» атты республикалық акция шеңберінде Железин № 3 мектебінің мәжіліс залында  қазақ ақыны, драматург Әбділда Тәжібаевқа арналған  «Сырдарияның тумасы» атты поэтикалық кеші өтті.  Іс-шара ұйымдастырушылары -  Железин балалар және аудандық кітапханасы.
Бұл күні залда поэзияны  түсінетін оқырмандар жиналды. Кеште Туған жер, соғыс, достық, Ана туралы ақынның өлеңдері оқылды...
Іс-шараны өткізуге ауданымыздың үш мектебіның оқушылары белсенді қатысты. Олардың арасында «Бұлақ» әдеби клубының мүшелері Смагулова Дильназ, Өмірбек Сымбат, Есеналиева Аружан мен Жансая, Булатов Аңсар, Шайков Жамболат, Жамалиденова Несвельды болды (№3 мектеп).
Сонымен қатар,  Абишева Айнара, Ашанин Алексей, Харламова (№1 мектеп), Елишев Павел (№ 2 мектеп) секілді белсенді оқушылар да ақынның өлеңдерін мәнерледі. Олар «Сырдария», «Дорогой жизни долго я шагал», «Киргизским друзьям»,  «Стоя перед морем» тәрізді өлеңдерін оқыды.
Ақын лирикасында  алып күштің иесі ретінде Толағай батыр жайында аңыз болған  «Толағай» поэмасы ерекше орын алады. Шығарманың үзіндісін көрініс ретінде ОАК кітапханашысы  Серуен Зоя мен кітапхана белсендісі  № 3 мектеп оқушысы Аңсабаев Арланбек саханаға шығарды. Автор сөзін Железин № 3 мектеп оқышысы, «Бұлақ» әдеби клубының мүшесі Балғабаева Диляра оқыды.
Бұл шараға біздің ересек оқырмандарымыз да белсенді қатысты.  Аңсабаева Майтуна -  «Туған елім - алтын бесігім» (ОАК) әдеби клуб мүшесі, өмірлік ұстанымы белсенді  адам, Арланбектің әжесі.  Кеште Майтуна әжейдің орындауында Әбділда Тәжібаевтың «Ана» шағармасы оқылды.
Железин № 2 мектептің кітапханашысы Дегтярёва Т.С.- кітапхана өткізген көптеген шаралардың қатысушысы. Бұл жолы  Татьяна Семеновна ақынның «Досыма» өлеңін оқыды.
Іс-шара ақынның шығармалары туралы слайд материалдарымен безендірілді.
Шара, сонымен қатар, домбырашылар  Ниязов Мирас пен Баяхметов Мағжанның орындауындағы музыкалық номерлермен толықтырылды.
Кеш шеңберінде «Ty’c’an jerdin ’aq’yndary - Певцы родной земли» тақырыбындағы кітап көрмесі қойылды.
Кітапхана әкімшілігі мен ұжымы шараны өткізуге қатысқан барлық  оқырмандарға  алғысын білдіреді. 

Н.Чехова, Железин балалар кітапханасының кітапханашысы

FOTO