Туған күнің құтты болсын -кітабым!

Мерейгер кітап күні

Железин балалар кітапханасы «Мейірімділік және құлықтылық» әдеби сабақ төңірегінде және қазақ балалар жазушысы С. Жүнісовтың «Сақау бәтеңке» кітабының 35 жылдығына орай кітапхана оқу залында Мерейгер кітап күні өткізді. Шараға «Құтты болсын кітабым!» атты тақырыпта кітап көрмесі безендірілді.
Мерекелік шара балалар кітапханасының саяхатымен басталды. Балалар  кітаптың асыл ой қазынасы екенін түсініп, кітапхана ережесімен танысып әр бөлімдерге саяхат жасады. Негізгі бөлімде оқушылар оқу залында «Кітап нені жақсы көреді? атты сергіту ойынымен ашылды.
Әдеби сабақтың өту барысында балалар жазушы С. Жүнісовтың қысқаша өмірбаянымен, фото бейнесімен танысты. Кітапханашы балаларды жазушының «Әжем мен емші дәрігер», «Кімнің мекені жақсы», «Алғашқы вагон»  және т.б. әңгіме кітаптарымен таныстырып әдеби шолу өткізді. ОБК кітапханашысы Ашкенова Г.А. балаларға жазушының «Сақау бәтеңке» атты кітабына 35 жыл толуын айтып оның шығу тарихымен таныстырды және әңгімені дауыстап оқып берді. Оқушылар автордың әңгімесі туралы өз көзқарастарын айтты. Балалар әңгіме сұрақтарына жауап беріп белсенділік танытты. Әңгіме сұрақтары:
-Әңгіме сұрақтары:
- Әңгіменің басты кейіпкерлері кім?
- Әңгімен неліктен Сақау бәтеңке деп аталады?
- Шолақ қандай бала?
- Болат баланың отбасындағы тәрбиесі?
 т.б. сұрақтарға жауап беріп белсенділік танытқандар: Амангельді А; Мұратай І, Сейітжапар А, Шайкова Д, т.б.
Әңгіме соңында «Ұйқасын тап» сергіту ойынына қатысып белсенділік танытқандар: Қанат А, Кунанбаева А, Мұратай М, Шарипова Д, Шарипов А. Сансызбай А. т.б.
Әңгіме сабақтың қорытындысында балалар баланың отбасындағы тәрбие маңызы неде екенің түсініп өз пікірлерімен бөлісті. Шара соңында барлық бала кітапханаға өлең тақпақпен өз тілектерін айтып мақал-мәтелдерді айтып кітап мерекелік күні аяқталды. Кітапханашы әлі талай тәрбиелік мәні бар кездесулер болатынын айтып, балалардың рухани дүниетанымдарын кеңейтті. Шарадан соң балалар  әдеби кітаптармен танысып кітапханаға жазылды. 

ОБК кітапханашысы : Ашкенова Г.А.

FOTO