Мерейтойыңмен, Павлодар облысы!

15 қаңтар – ерекше мереке, Павлодар облысының туған күні. Бұл күні 1938 жылы Шығыс-Қазақстан облысын екіге бөлу қаулысы шықты. Оның біреуі Павлодар облысы.
Біздің облысымыз – бұл әдемі ландшафттары бар бай табиғат.
Бұл көпсалалы өнеркәсіптік кешені бар, электр және отындық энергияны, глиноземді, мұнай өңдеу өнімдерін, жеңіл және тамақ өнеркәсіпті өндіруге бағытталған, Қазақстанның ірі индустриялық орталығы.
Бұл бұкіл әлемге белгілі дарындар: Қаныш Сатпаев, Григорий Потанин, Алькей Маргулан, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Шапык Чокин, Жұмат Шанин, Мәжһүр Жүсіп Көпеев, Дихан Абилев, Шакен Айманов, Жарылғапберды, Жаяу Мұса, Иса Байзаков, Сабит Донентаев, П.Васильев және тек облысымыздың ғана емес, Республикамыздың да атын шығарған басқа да көптеген адамдар.
Облысымыздың мерейтойына Железин орталық балалар кітапханасының оқу залында ұйымдастырылған «Менің өлкем - Приертіс» кітаби-көркемделген көрмесі арналған. «Тарих беттері» және «Мен тұратын жер» бөлімдерінде өлкеміздің өткені мен бүгінгі күнін көркемдейтін әдебиет орналасқан. «Әдеби Ертіс өңірі» бөлімі павлодарлық авторлардың және олардың шығармаларының сан түрлілігін ашып көрсетеді. Туған өлкеміз туралы әдебиетті оқуды ұнатсаңыз, 2018 жылдың 1 сәуіріне дейін күтеміз.

ФОТО