«ЭКСПО-2017 туралы сөз»

   Орталық балалар кітапханасының қызмет көрсету бөліміндегі «ЭКСПО-2017: болашақтың энергиясы» атты ашық көрмесі арқылы «ЭКСПО 2017 – туралы сөз» атты тақырыпта таным сағат өтті. Балалар ашық көрме арқылы     «Ұлан», «Айгөлек», «Ақ желкен» баспасөз ақпарат беттерінен  «Казахстанның EXPO көрмелеріне қатысуы туралы мәліметтер", "ЭКСПО - ның пайдасы қандай?", "Халықаралық көрмелердің тарихы" туралы және  көрменің дайындық барысы туралы  деректермен танысты. Ақпарат беттерінде техника саласының мамандары, әдеби жазушыларының сұхбаттарын оқып Болашақ көрмесі туралы  суреттер және  көптеген мәліметтер алды.          ЕХРО-2017 ТМД елдерінде өтетін алғашқы көрме болмақ. Астанадағы бүкіләлемдік көрме 3 айға дейін жалғасатын болады деді кітапханашы Ашкенова Г.А. Оған әлемнің 100-ге жуық елі және 10 халықаралық ұйым қатыса алады. Көрмеге 5 миллионнан астам адам қатысады деді. Ал  көрме тарихын балалар әрі қарай аудандық кітапхана оқу залында танысты.   Балалар кітапхана саяхатында, ауылдық кітапханалар  ұйымдастырған «ЭКСПО-2017»  көрмесіне арнайы дайындалған қол өнерлерін қызықтап тамашалады.  Таным сабақ ЭКСПО тарихынан басталды.   ЭКСПО тарихын орталық балалар кітапханашысы жүргізді. Тарих бетін жалғастырған «Бұлақ» тобынан Ұят Асель   және Ұят Іңкар. Бұлақшылар балаларға  ЭКСПО ның тиер пайдасы туралы және  Қазақстанның халықаралық  көрмелер бюросына енгені туралы мағыналы әңгіме жүргізіп өлең тақпақтар айтты. Шараға арнайы «ЭКСПО – 2017 туралы не білеміз?» атты тақырыпта электронды презентация көрсетілді. Балалар презентация сұрақтарына белсенді қатысып  дұрыс жауап берді. Презентация сұрақтары:

 - Алғашқы  көрмелер қандай мемлекетте ұйымдастырылды?

 -  Н.Ә. Назарбаев ЭКСПО туралы не деген ?

 - Тәуелсіз еліміз Қазақстан ЭКСПО көрмесінің құқығын қалай жеңіп шықты?

 - ЭКСПО сөзі деген не? т.б.

Әңгіме қорытындысында Қазақстандағы Астана қаласында болып жатқан «ЭКСПО -2017» көрмесі туралы әңгіме диалог ретінде жалғасты. Балалар өз пікірлерін айтты.  «Бұлақ» тобынан Мұхамет Айдана өзінің ЭКСПО көрмесіне барғанын, ондағы алған қызықты тамаша әсері туралы балаларға айтып берді.   Айдана  алғаш рет ЭКСПО ға барып ондағы «Нұр әлем» павильоны өте ұнағанын, және шет ел павильондарынан мысалы: Аргентина, Жапония павильондары сыйлаған  сыйлықтармен балаларды таныстырды. Кітапханашы балаларды «Ұлан», «Ақ желкен», «Балдырған» атты ақпарат беттеріндегі «ЭКСПО-2017» көрмесі туралы  әдеби шолу өткізді. Соңында балалар топпен суретке түсті. Шара өте қызықты  өтті. Балалар дүниежүзілік көрмелер тарихы және 2017 жылы Қазақстанда өтетін ЭКСПО көрмесі туралы білімдерін тереңдетті. Ойшыл қабілеттері нығайтылып, тарихи зерделілік қасиеттерін дамытты. Шара мақсаты: оқушыларды қоғам жаңалықтарынан және өзгерістерінен тыс қалмауға баулу.  Отанымыз жетістіктеріне мақтаныш сезімдерін ояту.

Құрастырған  ОБК кітапханашысы : Ашкенова Г.А.

ФОТО