«Жасөспірім және заң» құқық студиясы Железин балалар кітапханасында бірнеше жыл бойы жұмыс істейді. Оның міндеті - мемлекет және қоғам тіршілігінің негізгі мәселелері бойынша жедел және толық ақпарат беру арқылы, балалар мен жасөспірімдерге құқықтық білім беру.

Кітапхананың конференц-залында өткен оның кезекті отырысында «Сен және сенің есімің» тақырыбы талқыланды. Студия жұмысына Железин ауданының әділет басқармасының басшысы Гурина Валентина Антоновна қатысты.

Студия қонағы, азаматтық құқытар саласында ҚР негізгі заңдарына сүйене отырып, балаларға олардың құқықтары, міндеттері туралы айтып өтті. Баланың есімге ие болу құқығына ерекше көңіл бөлінді.

Шараға қатысқан, тоғызыншы сынып оқушылары бұл тақырып бойынша пайдалы ақпаратты тыңдап қана қоймай, сонымен қатар сұрақтар қойды.

Кездесу барысында түрлі мәселелер талқыланды.

-Адамның есім құқығын іске асыруда қандай заңдарға сүйенесіз?

-Балаға қандай есім қою туралы мәселені кім шешеді?

-Есім құқығы қай мерзімдерде жүзеге асырылуы керек?

- Баланың тегі қалай беріледі? Және де балаға әкесінің атын беру міндет пе? - Балаға есім, тегі беруде ұлттық дәстүрлер сақтала ма? - Егер ата-анаң түрлі ұлттан болса қалай болады? Балаға қай ұлт беріледі?

Балалар қос тегі беру туралы, есім немесе тегіні ауыстыру үшін, маңызды дәлелдер керек екендігі, олар ҚР заңында 13 екенін білді. Олар, бала өздігінен есім немесе тегін ауыстыруды өтіне ала ма деген мәселені қозғады? Және ол үшін не қажет?

Жасөспірімдер адамның жеке қолтаңбасы туралы, елімізде лақап аттар тіркелмейтіні туралы қызыға тыңдады.

Шара қорытындысы: өсіп, ересек болған кезде қателіктер жібермеу үшін, құқытық білім балаларға жеткіншек жастан қажет.

Кездесу қызықты, мағыналы түрде өтті. Бұл шарада алынған білім әрі қарай өз пайдасын тигізеді деген үміттеміз.

 


Железин балалар кітапханасының аға кітапханашысы: Н. Чехова