«Мейірімді болуға үйренейік»

 әдеби оқу

«Мейірімділік және құлықтылық» әдеби сабақ төңірегінде өткен, және қазақ балалар жазушысы Тұрдақын Жексенбайдың 80 жылдық мерейтойына арналған «Мейірімді болуға үйренейік» атты кіші топтарға арналған әдеби оқу өтті. Шара ЖББМ №3 ші мектебінің 2 сынып оқушыларына арнайы кіші топ оқырмандарына арналды. Әдеби оқуды Железин балалар кітапханасының кітапханашы Ашкенова Г.А. жүргізді. Әдеби оқу мақсаты балаларды өзін қоршаған ортаға, табиғат әлеміне қамкоршыл болуға тәрбиелеуге шақырып оларды рухани құндылықтары туралы түсініктерін кеңейтіп, жақсылық жасай білуге бейімдеу. Балалардың оқуға  деген қызығушылығын туғызу.
Әдеби сабақтың  өту барысында «Табиғатпен жақын жазушы» атты тақырыпта суретті тақта көрмесі безендірілді. Балалар жазушының қысқаша өмірбаянымен, жазушының фото бейнесімен танысты. Кітапханашы балаларды жазушының «Қоңыр қонжық», «Әліпби әңгімелері»,  «Балбұлақ»  және т.б. әңгіме кітаптарымен таныстырып әдеби шолу өткізді.   Жүргізуші балаларға жазушының «Еліктің лағы» атты әңгімесін дауыстап оқып берді.  Оқушылар арасында,  автордың әңгімесі бойынша диалог пайда болды. Балалар әңгіме сұрақтарына жауап беріп белсенділік танытты. Әңгіме сұрақтары:

Әңгіме сұрақтары:
-  Әңгіменің басты кейіпкерін ата?
-  Ермек үйіне кімді ертіп әкелді?
-  Ермек қандай шешімге келді?
-  Ана мен бала не үшін жолға шықты.?
-  Ермек кімнен кешірім сұрады не үшін?
- Ана мен бала не үшін қуанды?  т.б. сұрақтарға жауап беріп белсенділік танытқандар: Жаналинов Асылжан, Ағбек Жаным; Сансызбай Дарина, Құнанбаев Арнұр, Сейтжапар Санжар, Қазбек Жасмин, Билялов Ниязбек.
Әңгіме сабақтың қорытындысында балалар  ең маңыздысы отанамыздың табиғатын аялауға, ондағы жан-жануарлар тіршілігіне жалпы қоршаған ортаны қорғауға    деген ниеттерін арттырды. Кітапханашы әлі де талай тәрбиелік мәні бар кездесулер болатынын айтып, балалардың рухани дүниетанымдарын кеңейтті.  Шарадан соң балалар  әдеби кітаптармен танысты.

ОБК кітапханашысы : Ашкенова Г.А.

FOTO