Железин балалар кітапханасы
«Шыныңды айта біл!»
әңгіме-талқы

Орталық аудандық балалар кітапханасы «Бүкіл әлемдік оқу күніне!» және «Мейірімділік құлықтылық сабақтар төңірегінде  өткен шара «Шыныңды айта біл!» атты тақырыпта әңгіме-талқы өтті. Әңгіме –талқы оқу тарихынан басталды. Кітапханашы  балаларға  кітап оқу мәдениетінің ең маңыздысы ұлттық интеллектуалдық және рухани сананың қалыптасуна ықпал ететін құрал екендігін түсіндірді.
Шараға арнайы «Сөйлеген – себеді, тыңдаған –орады» атты тақырыпта кітап көрмесі безендірілді.
Әңгіме барысында  оқушылар К. Мырзағалиеваның  «Мойындау» әңгімесін  оқып талқылады.  Бұнда балалар кезекпен берілген сұрақтарға жауап берді.
- Момынның  мінез - құлқын сипаттап беріндер?
- Момын қандай іс әрекеттер жасады?
- Момын анасына шындықты айтты ма?
- Момынды достары не үшін кінәлады, олар дұрыс істеді ме?
Автордың шығармасы бойынша  әңгіме  сұраққа  белсенді қатысқандар: Гладких А. Қабидолла Р, Ұят І., Иманұлы А, Жастлеков Х. Хамитов Т. Сағыдай Д. т.б.
«Сөйлеген себеді – тыңдаған орады»  атты кітап көрмесінен оқушыларға танымал ақын-жазушылардың Ы.Алтынсарин, М.Әуезов, Б.Соқпақбаев, т. б. шығармалары туралы әдеби шолу жүргізілді. Оқушылар өздеріне  мәні бар, рухани танымды кітаптармен танысты. «Артық білім кітапта» деп Абай атамыз айтқандай, балалардың  кітапқа деген қызығушылықтары артты.
Шара соңында кітапханашы балаларға тәрбие басы отбасынан басталатынын түсіндірді және жаман қылықтардан аулақ болып  өздеріне сенімді, әдепті болуға,  шындықты айта білуге, әр  адам өз қателіктерін мойындауға бет бұрып,  өз елінің адал азаматы болуға баулып, адамгершілікке шақырды.

ОБК кітапханашысы : Ашкенова Г.А.

FOTO