Мұғалім беретін сабақтар

 Железин орталық балалар кітапханасында «Мұғалім беретін сабақтар» атты әдеби сабақ өтті. Бұл «Өнегелілік және мейірімділік сабақтары» циклынан кезекті сабақ. Шараға №2 ЖББОМ 4 Б сыныбының оқушылары (сынып жетекшісі А.Д.Гаак) қатысты.

Балаларға Андрей Платоновтың «Еще мама» әңгімесі оқылды, содан соң, балалар оқығанды талқылауға кірісті. Шара барысында әңгіме туралы өз пікірлерімен бөлісті, Апполинария Николаевна мұғалім несімен ұнағанын айтып берді, ол кісінің өзін «ана» сияқты ұстайтынын мәтінмен дәлелдеп берді. Сонымен қатар, балалар мектептегі алғашқы күндерін, мұғаліммен алғашқы кездесулерін еске түсірді. Балалардың көбі, алғаш рет мектепке аналарымен келгендерін айтты.  

Балалар, мұғалімнің Андрей Платоновтың әңгімесінің кейіпкері - Артем үшін жасаған ең басты ісі – оқуға көндіргені -деген оймен келісті.

4Б сынып оқушылары – кітапханамыздың жиі қонақтары, көптеген шаралардың белсенді қатысушылары. Олар кездесу барысындағы бейдәстүрлі әдістерді ұнатады. Бұл кездесудің ерекшелігі – үлкен жүрек болатын. Балалар мұғалімге деген ыстық лебіздері мен алғыстарын стикерлерге жазып, жүрекке жапсырды.

 О.Зданович,

 Железин ОБК оқу залының аға кітапханашысы

ФОТО