Ұлттық даналық сабағы

Аудандық балалар кітапханасы «Бір ел – бір кітап» төңірегінде өткен «Ұлттық даналық сабағы»  атты тақырыпта ЖББМ №3 5-6 сыныптар арасында диалог- кеш өткізді.
Кіріспе бөлімде кітапханашы оқушыларды Ш.Құдайбердиев, Б.Момышұлы, Н.Келімбетовтың шығармашылығымен танысты, және биылғы жылы  біздің елде осы үш атордың шығармалары бойынша  оқылған кітаптар туралы айтты. Негізгі бөлімде Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» атты  кітабы бойынша қысқаша мазмұны айтылып және кітаптағы ертегі аңыз әңгіме оқылып талқыланды.
Бағдарламада:
1. Балалық шақ әлемі. Момышұлы туралы қысқаша анықтама.
2. «Ұшқан ұя» - ұлттық даналық кітап: оқып талқылау.
3. Момышұлын оқимыз. Кітап көрмесінен әдеби шолу.
Шара барысында балалар «мейірімділік», «ар-намыс», «әдептілік»,
үлкенге құрмет, кішіге ізет білдіру екенін түсінді. Балалар  автордың отбасындағы тәрбиесінен үлгі алып, өздерінің отбасындағы жағдайларын айтып мысал келтірді.  Әңгіме өте қызықты өтті.
Қорытындысында  балалардың ата – баба тәрбиесі дананың көзіндей есте сақтап келешекте мейірімді, ұлтымыздың адал азаматы болу екенін түсінді. Олар өмірде  Кішіпейл, адамгершілік, адал болу  екенін түсініп және тәрбие көзі отбасынан басталатынын жадында сақтау екенін білді. Шарада ең белсенділік танытқандар Баукенова А, Раскельді Б, Айтмұратова Г. және т.б.

Железин ОБК кітапханашы Ашкенова Г.А.

FOTO