4-6 желтоқсан күндерінің аралығында Халықаралық мүгедектер күні аясындабалалар кітапханасы «Өнегелілік пен мейірімділік сабақтары» циклынан «Инабаты болып өмір сүру оңай емес...» әдеби сабағын өткізді. Шараңың қонақтары № 2 ЖББОМ төртінші сынып оқушылары болды.
Балалар Юрий Яковлевтің «Полосатая палка» әңгімесін тыңдап оны талқылауға белсенді қатысты. Әр бала қойылған сұрақтарға өз пікірін білдірді.:
- Мишка басқа адамдарда қандай сезім туғызатын? Сіз айналаңыздағы кісілер өзіңізге сондай сезіммен қарағандарын қалар ма едіңіз?
- Мишка таяқ иесінің көзі көрмейтінін біле тұра, оны алар ма еді? Неге олай ойлайсыз?
- Біз дәл қазір Мишканың ар-ұяты оянғандықтан, талқылауға нүкте қоя аламыз ба?
- Бұл әңгіме сіздерді қандай ойға салды? Жазушы оны неліктен жазды?
Әңгіме соңында балалар кісілерге жақсы, құрметпен және мейірімділікпен қарау керек деген қорытынды шығарды.  Бірақ, ең бастысы – өзіңнің жаман іс жасағаныңды мойындап, оны түзету үшін күш таба алу.

О.Зданович,
Железин ОБК кітапханашысы

FOTO