Железин балалар кітапханасында «Өнегелілік және патриотизм сабақтары» циклының кезекті сабағы өтті. Бұл шара, жыл сайын 1 сәуір күні өтетін Халықаралық Құстар күніне арналып,  «Құс топтарын сүйіспеншілікпен қарсы ал» деп аталған болатын. № 2 ЖББОМ үшінші сынып оқушылары, Виктор Астафьевтің «Стрижонок Скрип» атты әңгімесін тыңдап, талқылады.  Әңгіменің әсерлі сюжеті ешкімді немқұрайлы қалдырған жоқ. Сондықтан талқылау да өте қызықты болып қалыптасты. Балалар кітапханашының сұрақтарына жауап берді, өз пікірлерін білдірді, адам табиғатқа қалай қарау керек екендігі, құстар үшін не жасай алатынын, әңгіменің бас кейіпкері сұр қарлығаш Скрип қандай сабақ алғаны туралы әңгіме құрды.  Оқығаннан әсер алып, балалар абонементтен кітаптар алды. Балалардың көбі құстар мен жануарлар туралы кітаптарды таңдады.

ОБК оқу залының аға кітапханашысы О.Зданович.

 

ФОТО