Қымбатты достар!

«Ауылыңды сурет арқылы таны» сайысы өз мәресіне жетті.

Академик Лихачёв «Адам ескі үйлерді, ескі көшелерді сүймесе, оның бойында өз қаласына, өз ауылына деген махаббаттың жоғын білдіреді» деген. 

    Ауыл мерекесінің қарсаңында Железин балалар кітапханасы өз оқырмандары мен олардың ата аналарына «Ауылыңды сурет арқылы таны» балғын ізшілер сайысына қатысуды ұсынды. Ол үшін, туған ауылыңды аралап, отбасылық альбомдарды қарап шығу, отбасылық әңгімелерді еске алып, сайыс сұрақтарына жауап беру керек болатын.

Біз үшін, ауылымызға, оның көшелеріне, үйлеріне, адамдарына және де суреттерде бейнеленген ғимараттарға байланысты қызықты әңгімелерді жинақтау маңызды болды. Бұл ғимараттардың көбі ауылымыздың мақтанышы болып отыр. Кейбіреулері бұзылып, тек суреттерде ғана сақталған. Дегенмен де, бұнда, күн сайын жұмыс қызып тұратын, біреулердің ата-аналары, әжелері, аталары еңбек етті, демек – тарих құрылатын. 

Сайысымызға қатысып, туған ауылының өткен күндеріне оралғандардың бәріне алғысымызды айтамыз.

Сіздердің жұмыстарыңызға ерекшелік, шығармашылық тәсілдеме, ең бастысы – отанымыздың өткен күндеріне деген шынайы қызығушылық тән.

Төраға А.М.Гасанов және мүшелері Х.М.Сейтенова, А.И.Прокопцов, М.Н.Адамова, А.Ж.Амренова құрамындағы қатал да әділ қазылар алқасы өз сөздерін айтты.

Сайыс жеңімпазы болып №1 ЖББОМ сегізінші сынып оқушысы Алексей Ашанин атанды. Алексей – көп жылдар бойы біздің оқырманымыз болып жүр, сонымен қатар, балалар кітапханасымен өткізілетін сайыстарының белсенді қатысушысы. Оның жұмысы ерекше болып көрінді. Жеңімпазымызды құттықтаймыз!

Диляра Балғабаева және Руслан Жусуповтың жұмыстары да назарға лайықты. Біріншісі сұхбат ретінде жасалған, ал екіншісі «Шерлок Холмс бойынша» тергеу ретінде жасалды.

Аружан Есеналиева да көп еңбектенді. Ол да Алексей Ашанин сияқты барлығын өз қолымен дайындапты.

Сайысымыздың ең кішкентай қатысушыларын белгілеп өтсек: Евгений Солодухиннің (№ 2 ЖББОМ, 9 жас) отбасылық мұрағаттан суреттер мен газет кесінділерін пайдалану арқылы, зерттеуі және Элеонора Миллердің (№ 2 ЖББОМ, 10 жас) ескі суреттерде бейнеленген ғимараттар бойынша фотосаяхаты.

Айдана Мухаметқали, Асем Калькина, Мадина Нургазинова қызықты еңбектерін ұсынды. Сайысымызға қатысқандары үшін Сания Рахимова, Рузалия Аллаярова, Жансая Есеналиева, Адима Ишимоваға алғысымызды айтамыз.

Қымбатты достар! Сіздердің жұмыстарыңыз үлкен мақтауға тұрарлық! Біз сіздерді құттықтаймыз және жаңа шығармашылық жеңістер тілейміз!

«Ауылыңды сурет арқылы таны» сайысының қатысушыларын марапаттау рәсімі 2017 жылдың 26 тамызында ауыл мерекесінде өтеді.

Жобадан тыс қалмай, балаларына керемет жұмыстар дайындауға көмектескен ата-аналарға да алғыс айтқымыз келеді. 

Алда, бұндай жұмыстар көбірек болады деген үміттеміз.

ОБК оқу залының аға кітапханашысы О.Зданович