Балалар кітабында қонақта.

Көктемгі демалыс күндері бізге қонаққа Еңбекші және Уәлихан ауылдарынан балалар келіп кетті.
Кітапхана қызметкерлері қонақтарына кітапхана туралы айтып берді.  Ғалия Ажбулатқызы Ашкенова, абонемент кітапханашысы, балаларға ерекше кітаптарды көрсетті. Олардың арасында : қиылған кітаптар, панорама-кітаптары, дыбысталған кітаптар. Сөйлейтін қалам «оқитын», қазақ халық өлеңдері, ертегілері, әндері бар сиқырлы сандық балаларға өте ұнады.
Наталья Саматовна Чехова кітапханалық шағын-мұражай бойынша экскурсия жүргізді. Бұнда балалар өткен заманның техникасымен танысты: электронды-сандық машина, жазу машинкасы, радио, күйтабақ ойнатқыш, тіпті ескі есепшот. Балалар ата-әжелерінің сүйіп оқыған кітаптарын қолға ұстап көре алды.
Балалар кітапханамызға мерекелік күндері келген себептен, ең басты тосын сый оларды оқу залында күтіп тұрды. Оқу залы не екені, бұнда қандай кітаптар оқуға болатыны туралы әңгімеден кейін, кітапханашы Ольга Алексеевна Зданович қонақтарымен, Наурызға арналған, ойын бағдарламасын өткізді. Балалар «Теңге алу» ұлттық ойынын ойнады, карточкалар арқылы әжені «әшекейледі». Тосын сыйы бар қобдилардың ішінде сөздер болды. Бұл сөздерден балалар, мерекеге арналған мақал-мәтелдерді құрастырды. Сұрақтары сиқырлы барабанда тығылған викторина да балалардың көңілінен шықты, ал дұрыс жауап үшін балаларға тәтті сый берілді.
Қорытындысында, балалар демалыс туралы өздерінің ойларымен бөлісіп, Павлодар ақындарының өлеңдерін оқыды.

О.Зданович, Железин ОБК кітапханашысы

FOTO