Железин балалар кітапханасы.

«Нұр ата-менің тірегім»

әңгіме-диалог

 

      Железин балалар кітапханасында Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай өткен    әңгіме диалог  ҚР әнұранымен  ашылды.   ОБК кітапханашы Ашкенова Г.А. Елбасының жетістіктері туралы әңгімеледі. Шара мақсаты:  Өскелең ұрпаққа Елбасының тұлғалық қасиеттерін ашу;  Еліміздің тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктерін айту, Елбасының Қазақстанның дамуына қосқан үлесін жас ұрпаққа жеткізу. Отанын сүюге, ұлттық патриотизмге, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.  Негізгі бөлімде «Біздің тұңғыш Президент»  электронды презентация арқылы   әңгіме диалогы қызу өтті.

  Бұл әңгімеде Президенттің өмірбаяны, отбасы тәрбиесі жөнінде  диалог сұрақтар қойылды:

 Әңгіме  срақтары:

- Жанұядағы  бала тәрбиесі қандай?

-  Біздің Президенттің оқу мен кітапқа деген көзқарасын қалай сипаттар едіңдер?

-  Елбасының қызметінің жауаптылығы дегенді қалай түсінесіңдер.

-  Елбасының  қандай қасиеттерін үлгі тұтар едің?

  Елбасы қандай істермен айналысқанды ұнатты екен?

- Елбасының еңбек жолы қайдан басталды?

-  Елбасы  қай жылы қандай қалада темір балқытушы болған ?

- Партком деген не?

- Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы  қай уақытта өтті? т.б. сұрақтарға белсенділік танытқандар: Ұят І., БаймұратМ., Гладких А, Хамитов К.т.б.

  Балаларға арнайы «Біздің Президент» атты тақырыпта кітап көрмесі безендірілді.  Балалар  кітап көрмесі арқылы жалпы кітапханадағы Елбасының өміржолына байланысты және оның шығармалыры атап айтсақ «Жылдар мен ойлар» авторы Н.Назарбаев «Ақыл – парасат кітабы» «Казахстанский путь» т.б. кітаптарымен танысты. «Жүректен шыққан сөз» атты кітап Елбасының мерейтойына қазақ ақындарының арнайы шыққан шығармалар жинағымен кітапханашы әдеби-шолу жүргізді.

- Мерекелік күнге арнайы «Сөзжұмбақ» ойыны ұйымдастырылды бұл ойынға қатысқандар:  Қазыбек Р, Иманұлы А, Қабибола Р,т.б. және «Тірек сөзді тап!» атты жұмбақ ойындары жүргізілді. Барлық бала топтарға бөлініп  «Елбасы» деген сөзді тауып қуана қауышты. Бұл Ойында белсенділік танықандар: Амангельді С, Ибраева Қ, Шайкова Д., Қанапия М. т.б. Балаларға электронды презентация арқылы «Елбасының балалық шағы», «Елбасының жасөспірім шағы» және «Елбасының қызметі» туралы деректермен танысып өз ара әңгіме диалог пайда болды.  Әңгімеге барлық бала қатысып белсенділік танытты. Шара барысында балалар  Елбасына арналған «Халқымның тірегі», «Елбасымен халық бір», «Астана мен Елбасы» т.б. арнайы өлең шумақтарды мәнерлеп оқығандар. Гладких А, Ибраева Ж, Шайкова Д т.б. Соңында  балалар  «Егер Елбасы болсаң… не істер едің?» атты ерікті сұраққа жауап берді. Бұл  ойында балалар белсенділік танытып, өз ой пікірлерін айтты. Соңында кітапханашы  балаларға еліміздегі  аса мәртебелі құрмет атақтардың бәрі Елбасының мемлекет басқарудағы іскерлігіне, әлемде бейбітшілік пен ынтымақтастықты жақсартудағы зор еңбегіне, үлкен саясаткерлігіне көрсетілген құрмет деп түсіндірді.  Және балаларға «Сендер болашақ  ұрпағымыз. Ата-бабамыздың  жалғасысыңдар. Біздің айтарымыз сіздерге  Әрқашан тұрақтылықты қорғап, бірлікті сақтаңдар » деген сөздермен   әңгіме-диалогты аяқтады.

ОБК кітапханашысы : Ашкенова Г.А.

ФОТО