Поэзия мерекесі

Күнделікті өмірді әрқашан мерекеге айналдыру мүмкін. Ең бастысы – тырысу. Железин балалар кітапханасының ұжымымен ұйымдастырылған, «Ақындар жырлаған туған өлке» поэзия кеші де мереке айналды. Бұл оқиға Павлодар облысының 80-жылдық мерейтойына арналған болатын.
Бұл күні АМҮ сахнасында туған өлкеге деген сүйіспеншілікті жырлайтын, Ертіс өңірі ақындарының өлеңдері естілді.
Өлеңдерді кезек-кезек балалар да, үлкендер де оқыды. Олардың арасында педагогикалық еңбек ардагері Ғ.К. Абдразакова, мектеп кітапханашысы Т.С. Дегтярёва, АМҮ әдіскері С. Буромбаева. Қатысушылардың арасында ең кішкентайлары да болды. Олар Железин балалар өнер мектебінің тәрбиеленушілері Беккер Егор және  Канатова Дильназ (жетекшісі Г.А. Пацер). Олар көрерменді Павел Васильевтің «Иртыш» өлеңін оқып, шеберліктерімен таң қалдырған.
Кеш бойы Павлодар жерінде тұрып, шабыт алған авторлардың да өлеңдері оқылды: Д. Әбілев, Қ. Бекхожин, М.Әлімбаев, С.Баязитов және басқалар. Оларды № 3 ЖББОМ жоғары сынып оқушылары орындады.
«Гармония» ансамблі (жетекшісі В.Н.Проскуряков) және Ақжол Абдреев кешті музыкамен сүйемелдеді.
Шара басталмай тұрып, көрермендер, «Өлкем менің – Ертіс өңірі» кітап көрмесінен,  Павлодар ақындарының кітаптарымен таныса алды.
Арнайы кешке дайындалған электронды презентация, әдемі баннер, бұл кешті есте қаларлықтай  қылды.

О.Зданович, Железин ОБК кітапханашысы

FOTO