Мейірімділіктің ұлы күші

 Биылғы жылы біздің кітапханамыз жаңа жоба – 9-11 жас аралығындағы балаларға арналған «Мейірімділік және өнегелілік сабақтары» атты әдеби сабақтар циклын жүзеге асыруға кірісті. Оның мақсаты – кіші жас оқушыны кітап оқуға қызығушылық танытатын, саналы оқырман ретінде тәрбиелеу, көркем шығармалар негізінде балалардың, өнегелі түсініктер туралы ұғымдарын кеңейту: мейірімділік, әділеттілік, абырой. 

Бірінші сабақ ақпанда өтіп, Бүкіләлемдік мейірімділік күніне арналған болатын. Мерекенің мағынасы – барлық адамдар мейірімді іс әрекет жасау керек.

Сабақ № 2 мектепте өтті. Сыныпта, Андрей Платоновтың «Сухой хлеб» шығармасымен танысу үшін, 3-4 сынып оқушылары жиналды (Минко С.М., Проскурякова Е.Г., Гаак А.Д.).

Балалар әңгімені сүйсіне тыңдады, себебі ол шығармада қозғалған тақырып, әр қайсысына жақын және түсінікті. Содан соң, балалар шығарманы талқылауға кірісті, әр бала өз пікірін, шығарманың басты кейіпкерлері Митя және оның анасы және мұғалімінен деген көз қарастарын білдіргісі келді. Соңында, балалар, Митя жақсы адам болып өседі деген пікірге келді, себебі ол жаман әрекеттерді мүлде істей алмайтын адам.

Содан соң, балалар нан туралы, оның бағасы туралы әңгіме құрды. Кездесуде блокадалық Ленинград тарихынан алынған деректер айтылды. Сол кезде бір адамға,  60% қарабидай ұнынан пісірілетін, түрлі қоспалар қосылған, 125 грамм нан берілетін. Бұл тілім нан адамдардың өмірін құтқаратын. Ал бүгін нанды қоқыстан көруге болады.  

Талқылаудың белсенді қатысушылары Коломников Сергей, Тугумбаева Аиса, Киселёв Максим, Лещенко Ксения, Шалтеев Данил және басқа қатысушылардың арқасында, әңгіме қызықты, маңызды болып шықты.  

Осындай шараларды біз жалғастырғымыз келеді. Осындай форма жұмысымыздың тәжірибесіне айналады деген үміттеміз.

 Чехова Н., Зданович О.,

Железин балалар кітапханасының кітапханашылары.

Все фото