«Железин ауданының ОКЖ»  КММ-ң Әдістемелік бөлімі ұйымдастырған   «Ұлы даланың Ұлы есімдері»  атты    аудандық тарихи-әдеби фестивальге Железин балалар кітапханасы  да белсенді қатысты.
«Ұлы даланың Ұлы есімдері» атты интеллектуалдық ойынына аудан мектептерінің жоғары сынып оқушылары қатыстырылды. «Өз еліңді білесің бе?» деген ойынның І кезеңі қатысушыларды жинау үшін өткізілді. Көп балл жинаған оқушылар «Шоқанның жарық жұлдызы» атты ІІ кезеңге көшірілді.  Бұл турнир қазақтың ғалымы, саяхатшы, этнограф Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығына арналып,  «Умницы и умники» атты теледидар гумманитарлық олимпиадасының негізінде құралды.  Қызықты да күрделі сұрақтар балалардың логикасын, ойлау қабілетін, шығармашылық қабілетін және әрине, білімін тексерді.  Қорытынды агон жеңімпазды анықтады. Жеңімпаз болып  Железин №1 мектебінің оқушысы Хаирбаева Даяна атанды.  Қазақстан тарихы мен географиядан жақсы білімдерін Купеева Айман Купеева, Рузалия Аллаярова, Инна Смоль, Алибек Ахметов, Мадина Нургазинова көрсете алды.
Шараға иллюстрация ретінде С.Бегалиннің «Бала Шоқан» повесінің үзіндісінің көрінісі болды.  Көріністі  Железин № 3 мектебінің тәрбиеленушілері Зейін Өмірбек, Арланбек Аңсабаев, Байкен Мырзақұл, Қуаныш Жамалиден, Асель Уят, Аружан Даулетбек, Диляра Балгабаева керемет ойнап берді.
Железин  № З оқушылары Алтынгүл Иманбалинова, Гульжазира Айтмуратова,  Дана Жұмабек  Шоқан Уәлихановтың бір экспедициясында жазып алған   «Ер Қосай» эпосының үзіндісін орындап берді. 
Бұндай шаралар оқырмандардың ұлы тұлғалар жайында көбірек білуге қызғушылығын оятады деген сенімдеміз.

FOTO