Балалық шақтың орнына - соғыс

«Балаларға соғыс туралы оқимыз» IX Халықаралық акциясы аясында дайындалған, «Балалық шақтың орнына - соғыс» кездесу кеші өте жоғары деңгейде, қызықты өтті. Шара қатысушылары – аудан орталығының бесінші сынып оқушылары. Кітапханашы балаларға соғыс жылдары балалардың бастарына түскен қиыншылықтар туралы айтып берді. 
Соғыс балалары ... Соғыс деген олардың жандарына батты. Шарада Антонина Голубева және Диана Бродскаяның «105 разъезд» атты әңгімесі оқылды. Бұл әңгіме балалардың көңілінен шықты. Балалар шараға дайындалған «Балалық шақтың орнына - соғыс» презентацияны қызыға тамашалады. Осының барлығы оқылған әңгімені жан-жақтан талдауға көмектесті.
Соғыс балаларды балалық шақсыз қалдырды. Ол  тылда жүрген балалардың да тағдырын қиындатты.
Кешке сол қатал жылдардың күәгерлері қонақ болып шақырылды. Олар тыл ардагері Кубенов Ш.Ж. және соғысқа қатысушы, Приертіс ауылының тұрғыны К Путинцевтің қызы. – Ряднова Л.К.
Қонақтар соғыс жылдары көрген өздерінің естеліктерімен бөлісті: сол жылдары мектепке барудың орнына – далада еңбектену; күнде қазнама алудан қорқу.
Кездесу соңында, балалар қонақтарға сұрақтар қойып, оларға толық жауап алды.
Шараға « «Балаларға соғыс туралы оқимыз» IX Халықаралық акциясы» кітап көрмесі дайындалды.

Н.Чехова, ОБК аға кітапханашысы

FOTO