Жылжымалы кітап көрмесі – балалар мен жасөспірімдер арасында әдебиетті насихаттаудың тағы бір жолы.
ОАК–ң  балалар әдебиетінің бөлімі  Береговой негізгі мектебіне барып, оқушылар мен мұғалімдер үшін Павел Васильевтің 110-жылдығына арналған  «Қазақ даласының орыс сұңқары» атты кітап көрмесін қойды.
Көрмеде автордың түрлі жылдарда шыққан шығармалары, өмірі мен шығармашылығы жайында жазылған мақалалар, өлеңдер мен әндері жазылған дисктер оқырманға  ұсынылды.
Сонымен қатар кітап көрмесінде павлодарлық суретші  В.Поликарповтың атақты жерлесімізге арналған еңбектері жиналған альбомы қойылды.
Көрмеге қосымша «Неистовый детёныш Иртыша» тақырыбында кітапхана қызметкерлері  библиографиялық тізім дайындады. Тізім мектептің тіл мұғаліміне берілді.
Кітап көрмесімен 30-дан астам адам таныстырылды.

FOTO