«Мен қайырымды адаммын»

Железин орталық балалар кітапханасы «Рухани жаңғыру – болашаққа бағдар» және «Мейірімділік және құлықтылық сабақтар» бағдарламасы төңірегінде өткен рухани қазынамыздың ішінен біз биылғы қазақ балалар жазушысы Әлібек Файзуллаұлының 65 жылдығына арналған    кіші топ оқырмандарына  «Мен қайырымды адаммын» атты тақырыпта  құлықтылық әдеби-оқу сабағы өтті.  Шараға бастауыш топтағы  2 сынып оқушылары белсенді қатысты. Кітапханашы Ашкенова Г.А. Ақын өмірбаяны мен шығармашылығына арнайы  дайындалған «Сөйлеген себеді-тыңдаған орады» атты тақырыптық көрме алдында әдеби шолу жүргізді. Көрмеге ақынның тәрбиелік мәні бар «Балақай», «Ақылды ертегілер» топтамасынан түскен және т.б. арнайы кітапшалар мен ақпарат құралдары қойылды. Балаларға арнайы «Ойлан,тап!»-ребустар оқу-ойын бағдарламасы электронды презентация  көрсетілді. Бұл презентацияда  балалар щығармашылық тақырыпқа байланысты жанұядағы тәлім тәрбиесіне арналған сұрақтарға жауап беріп белсенділік танытты. Презентация сұрақтарына дұрыс жауап бергендер: Ағбек Ж, Дулат Ж, Сансызбай Д, Билялов Н. т.б. Балалар ақын жазушы Ә.Файзуллаұлының өмірбаянымен  танысып, және оның балдырғандарға арналған «Ақылыңа ақыл қос», «Өрт», «Күй таңдаған күшік» жинақ кітаптарымен «Сынық бұтақ», «Екі алма», «Ескі сурет» атты әңгімелерімен танысты.  Негізгі бөлімде балалар жазушының «Ант» атты тәрбиелік мәні бар әңгімесін дауыстап оқып берілген сұрақтарға белсенділік танытқандар:  АскароваТ, Кунанбаев А, КокбайД, Жаналинов А, Сейітжапар С, Тоғайбаев И. т.б.

Әңгіме Сұрақтары:

-Берік қандай бала?

-Бұзық баланың мейіріміне кімдер сенбеді?

- Қайырымды адам Берікке қандай бата тіледі? т.б.

Қорытынды бөлімде:  Балалар автордың әңгімесінен жақсы тәрбиеге, үлгі өнеге алуға үйренді.   Жазушының   әңгімесінен жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге талпындырып сенімділікпен адами қасиеттерді бойларына сіңіре алды.   Соңында балалар «Мақалдарды жалғастыр» ойынына қатысып, ойлау қабілеттерін арттырды.

ОБК кітапханашысы : Ашкенова Г.А.

ФОТО