Тіл – халық мұрасы
Интеллектуалды ойын

2018 жылдың 26 қыркүйегінде Железин балалар кітапханасында, Қазақстан халқының тілдері күніне арналған, «Тіл – халық мұрасы» атты интеллектуалды ойын өтті. Ойынға № 1 ЖББОМ 5-6 сынып оқушылары қатысты. 
Ойын басталмай тұрып, балалар абонементке кіріп шықты. Бұнда кітапханашы Ашкенова Г.А. оларды М.Әлімбаев, Е.Өтетлеуов, А.Асылбек және басқа да қазақстандық мерейгер-қаламгерлерлердің шығармашылықтарымен таныстырып М.Әлімбаевтің шығармалары бойынша әдеби викторина өткізді. Содан соң, балаларды оқу залына интеллектуалды ойынға шақырды.
Топтарға бөлініп, қатысушылар бір қатар сайыстық тапсырмалар орындады, олардың арасында – «Бәйге», бұнда берілген сұрақтарға жауап беріп, Қазақстан халқының ұлттық тағамдарының атауларынан құрылған сөзжұмбақты шешу керек болатын.
Аудармашы рөлі де балалардың көңілінен шықты. Қазақстанда көптілдік дамып келе жатқанын әр бір оқушы біледі, бұл сайыста балалардың алдына берілген сөздерді қазақ, ағылшын және орыс тілдеріне аудару міндеті қойылды. Ал «Мақалды аяқта» сайысында балалар біраз қиналды.
Ойынға аса белсенді қатысқан балаларды атап өтсек: Танырбергенова Карина, Мироненко Юлия, Ерсаин Томирис және басқалар.
Ойын жақсы тілектермен аяқталды:
Любой язык по-своему велик, 
Бесценное наследство вековое. 
Так берегите свой родной язык, 
Как самое на свете дорогое.

FOTO