Сүйікті кітабымның мерейтойы.

Күзгі демалыс күндері балалар кітапханасы оқырмандарын кітаптың туған күніне шақырды. Иә, иә, таң қалмаңыз, кітаптың да туған күні болады. 2016 жылы барон Мюнхаузен және Гулливер, Винни Пух және Щелкунчик, Тимур және оның командасы және Зазеркальеден келген Алиса өз туған күндерін атап өткен болатын. Ал балалар, А.Н.Толстойдың «Золотой ключик или Приключения Буратино» атты кітабының 80-жылдық мерейтойына шақырылды.

Буратино — батыл, ақылды, тапқыр да тентек кейіпкер болғаннан кейін, балалар көңілді ойынға қатысты. Блиц-викторина оқушылардың ертегі кейіпкерлерімен қаншалықты таныс екенін дәлелдеуге көмектесті. «Угадай-ка» ойыны кейіпкерді сипаттау арқылы тануды ұсынды. Содан соң «Куча мала» болды. Әдеби кейіпкерлер суреттерінің бір қатарынан, Алексей Толстойдың ертегісіне байланыстысын таңдау керек болды. «Папа карлоның шеберханасынан» балалар, ағаш балаға арнайы тігілген киімге «үлгілерін» таңдады. Ең зейінді баланы аса қиын тапсырмалар берілді. Ұсынылған фотогалереядан, ертегіде айтылып өткен ит тұқымының суретін таңдау керек болды.

Барлық тапсырмаларды орындаған қонақтарға «Алтын кілт» кәмпиттерге толы үлкен сый берілді.

Біз Катя Лиханова, Данеля Жазыбаева, Элеонора Миллер, Максим Киселёв, Данил Нечаевқа, сонымен қатар олардың жетекшілері С.М.Минко және Е.Н.Деруноваға көңілді мерекеге белсенді қатысқандары үшін алғыс білдіреміз.

 
Балалар кітапханасының аға кітапханашысы: О.Зданович

Все фото