Оқырмандар еліндегі мерейтой

Железин балалар кітапханасы өзінің 65-жылдығын атап өтті. Шара қатысушыларды өзіне әзер сиғызған  кітапхананың оқу залында өтті. Мерекеге келген  қымбатты балалар - оқырмандарымыз бен қонақтарымызды қуана-қуана қарсы алдық.
Мерекенің салтанатты бөлімін дәстүрлі түрде  «Железин ОКЖ» директоры М.Н.Адамова ашты. Жиналған қауымды осы мерекемен құттықтап, ол «кітапхананың алдағы күнде әлі де кітап пен оқырманға қызмет етуге» үмітін білдірді. Мекеме басшысы өз сөзін облыстық кітапхана  әкімшілігінің құттықтау сөздерімен қорытындылады.
Сонымен қатар бұл кеште көп жылы лебіздер балалар кітапханасында түрлі жылдарда қызмет еткен ардагерлерге арналды. Бұлар: М.К., Кульбекова З.К., Слугина Л.С., Арынова С.К., Шпилько Е.В., Апаева М.Н., Кроо Г.П. және т.б.  
Құрмет грамоталарымен және естелік сувенирлармен  Ашкенова Г.А., Чехова Н.С., Зданович О.А. секілді бүгінгі күні балалар кітапханасында қызмет етіп жүрген кітапханашылар марапатталды.
Бұл күні кітапхананы құтықтауға аудандық  маслихат заңгері-Хамзин Т.М., аудандық мәдениет бөлімінің бас маманы - Аужанов Е.С., кітапхана ардагері Кривошеева Г.С., мектеп кітапханашылары - Дегтярева Т.С., Касанова Б.Б., ежелгі оқырманымыз - Брулевич О.В.келді.  Кітапханамыздың белсенді оқырманы,  Железин № 1 мектебінің 9 сынып оқушысы Ашанин Алексей кітапханаға  «Ты живи, библиотека!» шығармасын арнады.
Мереке барысында қонақтарды  БММ-мен  (музыкалық мектеп, жетекшісі Пупкова Т.К.)  Железин № 3 мектебінің оқушылар хоры (жетекшісі:Ханенко А.) қуантты, сондай-ақ, музыкалық сый ретінде Башмачное (Ротермель Э.В. және қызы Ротермель Е.) мен Церковное (Алюнова В.А.) ауылынан келген әріптестеріміз де ән орындады.
«Бұлақ» балалар клубының мүшелері кітапхананы үш тілде құттықтап, өздерінің құттықтауларын «Егер де кітап болмаса...» деген тақырыптағы кішігірім көрініспен аяқтады.
Біздің ең кішкентай оқырмандарымыз,  Железин № 2 мектебінің 1-сынып оқушыларының  құттықтаулары барлығының көңілінен шықты. (мұғалім Гаак А.Д.)
Т.С. Дегтяреваның  басшылығымен Железин № 2 мектебінің оқушылары қойған «Тимуровцы» көрінісі егде жастағы қонақтарымздың ностальгиялық сезімін оятты.
Әрине, кітапхана мерейі біздің оқырмандарымызсыз өте ме?  Кітапқа деген махаббатары үшін, шараларға белсенді қатысқандары үшін – ең деген оқырмандарымыз грамоталармен және сыйлықтармен мараппатталды. 
Шара соңында ауыл кітапхана-филиалдарынан Кенжебаева А.Д., Ротермель Э.В.,  Алюнова В.А. әзірлеп,  ертегі кейіпкерлері болып киініп, балаларға  үлкен ойын бағдарламасын өткізді.
Мереке өсе да, қызықты кітаптармен кездесулер аяқталғанг жоқ. Кітап әлемі – қызықты, сырлы да қырлы әлем сіздерді  күтуде,  жас оқырмандар! Біздің ұранымыз - «Біздің балалар кітапханасына қош келдіңіздер!».

Чехова Н.С., Железин балалар кітапханасының бас кітапханашысы

FOTO