Қай мереке балалардың ең сүйікті қысқы мерекесі болып отыр? Әріне, бұл Жаңа жыл! Жаңа жылда балалар тілектер тілейді де олардың орындалуын күтеді. 

Жаңа жыл сиқырлы, әрі қайталанбас таңғажайып мереке. Бәріміз келе жатқан жаңа жылдан жарқын ертегі, жаңа бақыт күтеміз.

Ал сіз, Жаңа жылдың сиқырлары біз тілегеннен бұрын, үйге шырша әкелгеннен  бұрын,  Аяз Атаға хат жазбай тұрып орындала бастайтынын білесіз бе? Ғажайыптар жаңа жылдық кітаптардан басталады.

Олар қандай екен – жаңа жылдық кітаптар? Әрине, олар – сиқырлы, таңғажайып!

Жаңа жылдың қарсаңында кітапханамыздың оқу залында, аудан мектептерінің үшінші сынып оқушылары жиналып, Самуил Маршактың «Двенадцать месяцев» ертегісімен танысты. Бұл, кішкентай қыздың жаңажылдық оқиғалары туралы қызық кітап, балалар назарын жаулап алды. Балалар оны қызыға тыңдады. Содан соң, оқылғанды талқылап, балалар түсінгенінше пікірлерін білдрді. Бұл ертегінің басында халықтық болғанын балалар алғаш рет естіген болатын. Кейіннен, Самуил Маршактың еңбегімен, бұл ертегі авторлық ертегіге айналды. 

Шараға арнайы, балалар шырша әшекейлерін дайындап әкелді. Ертегі бойынша әдеби викторинаның сұрақтарына дұрыс жауап берген балалар, әшекейлерін шыршаға ілуге мүмкіндік алды. Сұрақтар біткен соң, шыршамыз жанып, балаларды кітап оқуға шақырды.

Бұл мереке де сыйлықсыз өткен жоқ. Кітапханашылар, балаларға «Білсең – жауап бер, білмесең - оқы» деген викторина-лотереясын ұсынды, бұл лотерея балаларды мектеп демалысы кезінде кітапханада күтеді.

 

 Н.Чехова, О.Зданович,

балалар кітапханасының кітапханашылары

 

Все Фото