Адамгершілік пен мейірімділік заңымен өмір сүру 

17 ақпан күні дүниежүзілік мейірім күні аталып өтеді. Осыған орай, Железин балалар кітапханасы № 2 ЖББОМ төртінші сынып оқушыларына қонаққа барып қайтты. Бұнда «Мейірімділік және өнегелілік сабақтары» циклынан «Адамгершілік пен мейірімділік заңымен өмір сүру» әдеби сабағы өтті.
Мейірімділік жайлы мағыналы әңгіме құрылды. Балалар әлемде тек мейірімді істер жасалса өмір қандай болушы еді деп қиялдады.
Содан соң шара қатысушылары К.Паустовскийдің «Теплый хлеб» ертегісін тыңдап, талқылады. Олар ертегінің бас кейіпкерінің кінәсі туралы пікірлерін білдірді, Фильканың қатігездіктен мейірімділікке дейінгі жолын талқылады. Баланың атпен татуласқаны бәрін толғандырды.
Калюжный Иван мен Нина, Дерунов Илья, Жетписова Диляра, Коваль Федор, Халитова Анастасия, Проскурякова Екатерина және басқа да балалар белсенділік танытты.
Бұл шара балаларды көптеген әрекеттер жайлы ойлануға мәжбүр етті.

О.Зданович, Железин ОБК кітапханашысы.

FOTO