Алтын адам – тәуелсіздік нышаны 

Осындай атаумен балалар кітапханасында Сауырбек Бақбергеновтың биыл 30-жылдық мерейін атаған «Сказание о Золотом человеке» атты кітабының тұсаукесері өтті. Шығарманың негізі болып қазақ халқының көнедене келе жатқан  аңызы табылады.
Кітап тұсаукесеріне Железин № 2 мектептің 5 сынып оқушылары қатысты. Олар «10 фактов о Золотом человеке» атты бейнеролик қарап, Алтын адамның Есік өзенінің маңыда табылғаны туралы білді және альбомнан суреттерін қарап, С.Бақбергеновтың иллюстрациялармен толықтырылған әңгімесінің қызықты жәйттарын  үлкен қызғушылықпен тыңдады. 
Шара соңында қатысушылар алтын киім киген адамның кім болғаны туралы ойларымен, неге ол біздің еліміздің символына айналғаны туралы пікірлерімен бөлісті.
Іс-шараға біратаулы кітап көрмесі безендірілді.

FOTO