2018 жылдың 3 шілде күні, Қазақстан Республикасының Елордасы – Астана қаласының 20-жылдығын атап өту концепциясын жүзеге асыру мақсатында аудандық орталық кітапханада «Айбат »ЖБДО-сымен бірге, әмбебап оқырмандар үшін  «Ару қалам -Астанам» атты мерекелік шара өтті.
Бұл шараның мақсаты – Астананың даму және құрылу жолдарын көрсету, қатысушыларды қала тарихына, көрікті жерлеріне арналған әдебиетпен, мерзімді басылымдармен таныстыру, қазақстандық патриоттықты, өз елімізді мақтан тұтуға тәрбиелеу.
Астана – Қазақстанда болып жатқан өзгерістердің флагманы. Ол дамуға ынта береді, еліміздің ордасы болып отыр.  Шарада Железин ауданының құрметті азаматтары М.Х. Багжиков, В.И.Мельник, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Т.С. Сарсенов, тарихи-өлкетану мұражай директоры  З.К. Зайкенова, «Жас Отан» жастар тобының төрағасы А.С. Чужаев сөз сөйледі, сонымен қатар № 2 ЖББОМ оқушылары Давлятова  Анастасия, Каппасова Диана өлеңдер оқып берді. Астана – Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтің жетістігі.   Шараға  «Мәнгілік  елдің елордасы-Астана» кітап көрмесі дайындалды.

Оқу залының кітапханашысы  С.И.Тлегенова.