«Алаш арыстарының асыл мұралары»
       

   Бүгінгі таңда, қоғам, өз елінің тарихын білсе ғана, өткен ғасырдың соңында алынған тәуелсіздіктің құндылығын түсіне бастайды. Оны жақындатуға XIX-XX ғасырларда Қазақстанның шығармашылық және ғылыми зиялылары үлкен үлесін қосқан. 

25 сәуір күні № 20 колледжде аудандық орталық кітапханасымен, Алаш автономиясы үкіметінің құрылуының және «Алаш» партиясының құрылуының 100-жылдығына арналған, «Алаш арыстарының асыл мұралары» тарихи диалог өткізілді.
   «Железин ОКЖ» ММ директоры М.Н.Адамова «Алаш» қозғалысының тарихына қысқаша экскурс жүргізді.

- «Алаш» партиясы – ұлттық мүдде үшін құрылған партия. Оның негізін қалаған ұлт зиялыларының мақсаты бір арнада тоғысып, бір-бірімен үндестік тапқан. Сондықтан олардың бастаған ісі өз жемісін берді. «Алаш» партиясының құрылуына себепкер болған Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Мұстафа Шоқай сынды дара тұлғаларымыздың өздерінің басына қауіп төнгенін біле тұра осыншама істі қолға алғандары бір жағынан ерлік болса, екіншіден, ұлтын шын сүйгендіктен деп білемін. Халқы үшін жанын құрбан еткен ардақтыларымызды құрметтеу, олардың өмірін зерделеу, істерін жалғастыру – ұлтым деп жүрегі соққан әрбір қазақ азаматының міндеті.  Олардың негізгі мақсаты ұлтты біріктіріп, ұлттық мүдде-мақсаттарды анықтап, соған ұлттың күш-жігерін жұмылдыру болды. Бізге тура қазіргі тарихи кезеңдегі негізгі мүддемізді, қазақшылығымызды білдіретін, соны қорғай алатын саяси партия керек, оның негізінде ұлт өмірі жатуы керек» деп партияның құрылу мақсатын нақтырақ айтып кеткен.  Елбасы Нұрсұлтан назарбаев өзінің «Тарих ағынында» кітабында Алаш оқиғаларына бағасын берді. Оқу залының аға кітапханашысы «алашордалықтардың» өмірі туралы, саяси және шығармашылық қызметі туралы       «Алаш-орда коғамдық ой және ұлттық идея»  атты слайд-фильмінің тұсаукесерін өткізді.

   Тарихи диалогқа мекемелер басшылары, мұғалімдер, мектеп және № 20 колледж оқушылары қатысты.

   Шара қатысушылары, Алаш қозғалысы – Батыс Қазақстан тарихының жарқын беті деп белгіледі. Тәуелсіздік үшін күрескен зиялылардың еңбегі зор.    № 20 колледжінің тарих пәнінің мұғалімі Махметов Т.А. «Алаш» партиясы бағдарламасының қызметі, ойлары ұлттық мемлекеттіліктің іргесін қалады және Қазақстан Тәуелсіздік алғанда жаңа тарихи  кезеңде жаңғырды. «Алаш» тарихын түсіну әлі алдымызда, себебі көп жылдар бойы бұл тақырыпты қозғауға тиым салынған. Әлі де барлық құжаттар жарияланған жоқ, барлық қатысушылардың есімдері аталған жоқ. Дегенмен де, ұлттық ерлік сабақтары ұмытылған жоқ. Шара барысында Алаш автономиясының қызметі мен мақсаты туралы Мешіт имамы Т.М.Кусаинов, қорғау істері бойынша бөлімінің бастығы Сейткулов Т.Е., «Абат» жастар орталығының директоры Ибраева А.Е., №1 ЖББОМ тарих пәнінің мұғалімі Сулейменова Ж.Е., № 3 ЖББОМ тарих пәнінің мұғалімі Карибаев Т.Е., аудандық ардагерлер ұйымының мүшесі Ряднова Л.К. сөз сөйледі. 
   Кітапхананың жас оқырмандары, «Алаш» қозғалысына арналған шығармалардан үзінділер оқыды, кітаптар бойынша шолу жүргізілді.

 Оқу залының аға кітапханашысы   С.И. Тлегенова