Құрметті оқымандар!

Жаңа көркем әдебиет әр оқырман үшін бағалы құндылық. Жаңа әдебиетті іздеп кітап дүкендеріне барып, әр түрлі сайттарға кіріп әуре боласыздар. Ал біз сіздерге, құрметті оқырман жаңа көркем әдебиет кітаптарына жасаған шолуға назар аударуға ұсынымыз. Бұл шолу сіздерге жаңа және танымал кітаптарын ашады. Осы кітаптар бүкіл әлемнің оқырмандары мен сыншыларымен жоғары бағаланған.

Көп білгеннің мәдениеті кеңдеу, аз білмегендікі кемдеу, білгені де әрқилы, мәдениеті де сан қилы болған соң, мүмкін, ұсынылған әдебиет туралы өз пікірлеріңізді құрып, бағалайтын уақыт келді.

М.Әуезов, С.Мұқанов, М.Мағауин сияқты белгілі жазушылардың, сондай-ақ замануи (қазіргі) жазушылар мен қазақ лирикасының шеберлерінің шығармалары ешқашан ескірмейтін, керісінше жылдар өткен сайын жаңарып, жасара беретін тақырыптарды қозғайды.

Сабит Мұқановтың «Сұлушаш» атты романында Алтай мен Сұлушаштың арасындағы сүйіспеншілігі, бір-біріне деген ыстық ықыласы, екі жастың махаббаты қайғылы халде жырланған. Ал повесте қазақ палуанның асқан қара күші, мен мейірбандығы мен зор адамгершілігі, ел билеген озбырлардың жауыздығы тамаша суреттелген.

Келесі, назарларыңызға Сабит Мұқановтың « Мөлдір махаббат» туындысын усынамыз.

«Мөлдір махаббат»-бұл туынды жазушының үлкен прозадағы тұңғышы болуымен қатар, қазақ қауымына аса кең танылған, қызу пікірталас тудырған, айтулы шығармалардың бірі болды. Кейіннен автордың заман ыңғайына лайықтап еңгізген өзгертулерімен шыққан «Мөлдір махаббат» нұсқасында кезеңдік идеологияның бояулары басым болды. Роман кейіпкерлері өмірде болған адамдар. Өмірлік материалдар негізінде көркемдік шындық өрілген. Бұл мәңгілік тақырып — махаббат трагедиясын суреттеген өлмес туынды.

«Қорғансыздың күні»- жинаққа М.Әуезовтың 30-жылдары жарық көрген әңгімелер мен повестер топтастырылған. Бұл шығармаларда адамзат пен қоғам тіршілігіндегі көкейкесті мәселелер көтерілген. Әңгімелерінде қазақ әйелінің аянышты ауыр халін, қорғаны жоқ қарапайым адамдардың, жетім баланың тағдыр-тіршілігін шынайы суреттеген. Сондай-ақ қалаға келіп, мәдениетке үйрене бастаған қазақ жастарының өміріне ене бастаған жаңалықтар мен өзгерістерді, мораль мәселелерін әңгіме етеді. «Қорғансыздың күні» -әнгімеде Мұхтар Әуезов өзінің ішкі жан дүниесіндегі қиналған кезін баяндап берген.

Нұржекенұлы Бексұлтан әңгімелерінен «Бейтаныс әйелдің құпиясы» атты жинағы. Жазушының бұл жинағында тек әңгімелер ғана топтастырылды. Бір қарағанда, мұндағы әңгімелердің негізгі арқауы әйел мен еркектің арасындағы әр қилы қатынастар мен алуан дәрежелі сезімдер ғана секілденеді. Тереңірек үңілгенде, оның арасындағы адалдық пен арамдық, елсүйгіштік пен парасаттылық, жан мәдениеті мен тән мәдениетінің де сан қыры салмақтанатынына көз жетеді.

 «Қозапая» атты Мархабат Байғұттың кітабына бірқатар жаңа туындылары мен 80-90 жылдары оқырман қауымның ыстық ықыласына бөленген бірнеше повестер мен әңгімелері топтастырылған.

 Нұршайықов Әзілхан «Махаббат, қызық мол жылдар» атты роман- жастық сезім, кіршіксіз махаббат, жас ұрпақ тәрбиесі, ешқашан ескірмейтін, керісінше жылдар өткен сайын жаңарып, жасара беретін тақырыпты қозғаған дүние.

Өлеңдер мен поэмалар:«Алтын қалам» - Сағи Жиенбаевтің адалдық пен пәктіктен, ізгілік пен сұлулықтан жаралған рухани мұрасы көркемдік құндылықтарға деген бүгінгі де, ертеңгі де сұраныстарымызға риясыз қызмет ете берері кәміл.

Әңгімелер «Құмырсқа-қырғын» М.Мағауиннің соңғы жылдары жазылған әңгімелері, баспасөз бетінде жарияланған сұхбат, мақалалары, тарихқа қатысты ой-толғаулары топтастырылды. «Құмырсқа-қырғын»-әдемі астармен жазылған, негізгі идеясы-ұлттың бірлігін аңсайтын әңгіме.

«Жүз жиырма тұңғыш» жинақта – қазақ халқының өміріне, тарихы мен мәдениетіне, ғылымы мен экономикасына қатысты әр саланы игеруге, ашуға, дамытуға тұңғыш із салған қазақ ұл-қыздары туралы жинақ. Жинақ аз сөзбен көп ойды меңзеу мақсатында жазылған, деректі мағлұматтар мен мақалалар жазылған.

Біздің кітапхана қорымызға түскен бұл әдебиеттерді, сіздердің назарларыңызға усынамыз, әр бір оқырман өзіне тиісті кітаптарын таба алатынына сенеміз. Кітапханаға келіңіздер!

 Қызмет көрсету бөлімінің аға кітапханашысы С. И. Тлегенова.