Кітапкеруен

Кітап — білім көзі. Кітапты оқи келе, біз әлемді түсіне бастаймыз.  Тарих, фантастика, фэнтези, детективтер мен  юмористикалық әңгімелер  — әр үйдің кітапханасынан табуға болатын дүние. Біз өз жағымыздан кітап туралы ұмытпауға, кітаптан білім іздеуге сіздерге жол көрсетуден талмаймыз. Оқыңыздар, достарымыз, дамыңыздар!
Ағымдағы жылдың   11 қазан күні  «Библиотерапия» жобасының шеңберінде  Железин орталық аудандық кітапханасының кітапханашыларымен оқу мәдениетініің деңгейін көтеру мақсатында, сонымен қатар тұрғындар арасында кітапты популяризациялау мақсатында  «Библиокараван» тақырыбында және кішкентай оқырмандарға арналған «Таныс болыңыздар: жаңа кітаптар!» атты жылжымалы кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Шара барысында кітапханашылар  оқырмандарға кітап беріп, кітапхана қорында бар әдебиетпен таныстырды. Алғашқы күні  біз өз көрмемізді «Березка» атты дүкен алдында жайдық. Бұл осы үлкен жұмыстың бастамасы, әлі де бізді адамдар көп жиналатын жерлерде көресіздер. Кітап оқыңыздар, құрметті ауыл тұрғындары!

FOTO